понедельник, 7 января 2008 г.

Әлем күнделіктері.



Ребекка Блад\Rebecca Blood блог саласында ең таңымал мамандардың бірі және Weblog Handbook атты кітаптың авторы. Ребекканың блогы - Rebecca's Pocket. Блогинг саласында оның тәжірибесі мол болғандықтан жиі сұхбат береді, көп блогерлерді қызықтыратын сұрақтарға берген жауаптары Сіздерге де қызықты, әрі пайдалы болады деген ойдамын.
?: «Бүгінгі блогинг-қарапайым адамдарға арналған журнализм» деген пікір қалыптасты, сіз бұл пікірмен келісесіз бе?
Р: Блог-бұл бос контейнер. Оған журналистиканы да, беллетристиканы да, басқа кез келген тұжырымдарды да кіргізуге болады. Ал журналистика – бұл біріншіден тәжірибе. Кімде-кім ақпараттың сенімді көздерін қолданса және оларды тексеретін болса, сол журналистикамен айналысады деп айтуға болады. Бірақ блогерлердің көбісі тек өз ойын, пікірін білдіруге тырысады, ал журналистердің өзі барлық жарияланған материалды журнализм деп санайды, бұл да қате пікір. Дәстүрлі БАҚ өз күшін ешқашанда жоймайды, себебі журналистика бұл көп уақытты талап ететін қажырлы еңбек, ал көп адамдар бұған өз уақытын жұмсағысы келмейді немесе олардың мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан да дәстүрлі БАҚ бұл біріншіден сенімді ақпарат, оның мәртебесі мен пәрменділігі де осында. Меніңше, жаңа медиа-кеңістігiнде блогер де, журналист те орын табады. Алайда, блогерлердің көбісі дәстүрлі БАҚтың материалдарын қолданады және оған сілтеме жасайтынын ұмытпау керек. Ал журналистер артында блогерлердің бар екенін үнемі жадында сақтайды және олардың еңбегін бағалайтын адамдардың бар екенін тағы біледі, осындай бәсекелестік тек материалдың сапасын жақсартады.
?: Блогосфераның ресми емес этикалық кодексі бар ма?
Р: Мен өз кодексімді құрастырдым және оны өзімнің онлайан-кітабыма енгіздім. Оны қолданам деген адам үшін еш қарсылық жоқ. Бірақ бәріне ортақ этикалық нормалар мен ережелер кодексі жоқ. Әлем торында миллиондаған блог бар болғандықтан, олардың бәріне қолданған материалға сілтеме жаса деп айта алмайсын.
?: Блогтың сәтті жазылуына, таңымалдылығына не әсер етеді?
Р: Жақсы блогер басқаларға қызықты тақырыпта материал дайындау керек. Бұл ең дұрыс формула. Бұндай адамдар оқырманның көкейіндегі сауалдарына жауап беруге тырысады және бұндай блогтар жиі жаңартылады. Блог жүргізуші шынымен де жақсы автор болуы тиіс немесе бәріне ортақ көзқарастың арқасында пікірлерін, ой- тұжырымдарын ортаға салады.
?: Блогтың таралу үрдісі кезінде сізді таң қалдырған нәрсе?
Р: Мені бәрінен де таң қалдырғаны - блогтардың саны. Басында мен блогтардың саны 500 және әрқайсымыздың мыңдаған оқырман саны болады деп ойлағам. Бірақ шын мәнісінде миллиондаған блог пайда болды, ал әр блогтың оқырман саны орта есеппен алғанда 6-7 адам. Меніңше, мәселе оқырман санында емес, ал блог оқырмандарының сегментінде, яғни 6-7 адам болса да, ақпаратыңызды қажет деп санайтын және үнемі оқитын тұрақты оқырман саны.
http://www.washprofile.org/ru/node/6665

8 комментариев:

Анонимный комментирует...

Жақсы мақала!
Менің ойымша блогыңның атын "блог туралы блог" немесе "Азаматтық журналистика" деп өзгерту керек сияқты. Блог туралы көптеген информация бар екен.

Arsik777 комментирует...

Коп Рахмет:)
"Блог туралы блог" деген блог менiкiнен бурын пайда болды. http://qazaqblogshilar.wordpress.com/ Ал менiкi "Блогинг, Журналистика" деп аталады.

Анонимный комментирует...

Ну тогда ты свои посты в Qazaqblogshilar тоже публикуй.
Удачи!

Arsik777 комментирует...

рахмет)

Анонимный комментирует...

Қызықты ақпаратқа толы дүниенің өз бағалаушылары болары айдай анық жайт. Ал сенің блогыңдағы апараттық баршылық еш күмәнсіз өз оқырмандар сегментіне ие болмақ. Блоггинг - бұл оңай нмнс дүние, бұл өмірлік стиль, күнделікті тылсым дүние...

Arsik777 комментирует...

рахмет, толыгымен келiсемiн-улкен жауапкершiлiк.

Анонимный комментирует...

Әлия өте жақсы.Келешекте сен ең таңымалды,сүікті блоггер боласын деп сенемін. Ильмира№

Arsik777 комментирует...

Рахмет, Ильмира. Сенiн де лирикалык блогын кызыкты посттарга толсын.