вторник, 22 января 2008 г.

Сенің әлемін.


Әлеуметтік жүйелердің (ағылш. social network) бүгінгі пәрменділігі жайында осыдан бұрын да айтқан болатынбыз, жастар мен студенттер, қарапайым интернет тұтынушылары әлемтордағы уақытын қайда және қалай өткізетіні құпия емес секілді, хабарласу, танысу, музыка мен киноға, оларды жүктеу saver сайттар мен осылардың симбиозына айналған әлеуметтік жүйелер, әрине олардың ішінде блог та бар, ал кейбір әлеуметтанушы ғылымдардың айтуынша: «бүгінгі жастар әдеби кітап оқымаса да, әйтеуір блогтағы материалды оқиды...» Әлеуметтік жүйе мәселесіне оралатын болсақ, ТМД бойынша «Мой мир», «Одноклассники», «Вконтакте» ең танымал және жастар арасында кең қолданысқа енген. Жақында «Мой мир» рейтингін қарап, ЖОО арасында 5-орында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және 11-орында Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, мектептер арасында 5-орында Алматының №15 лингвистикалық гимназия, 8-орында Шымкенттің №8 гимназиясы. Ал «Вконтакте» Қазақстанның ЖОО арасында бәйге жариялауға дейін барды, оның себебі-Қазақстан бойынша кіруші саны ең көп сайт осы екен, бәйге қаңтар соңында тіркелуші адамның беттегі достар санымен қорытындалады, әзірше бірінші орында Теміртаулық Фархат, жеке бетінде 349 дос тіркелген. Осындай жаһандану үрдісі бізді қайда апаратыны белгісіз...