суббота, 5 января 2008 г.

Әлемнің ең таңымал блогері.



Кейбіреулер блогингты жаңа медиа емес, өз ойын, идеясын жария ететін қол жетерлік құрал деп ұғады. PRO-блог, PRO-блогерлер бар, және олардың пікіріне мыңдаған адам сілтеме жасайды, идея мен теорияларына сүйенеді. Бұл блогтар: Boing Boing, TechCrunch, Engadget, Gizmodo және т.б. Әлемнің «мәртебелі» блогері деп Майкл Скобл, Майкл Аррингтон, Ом Маликты санауға болады. Бірақ...біз әлі естімеген, соған қарамастан әлемнің ең көп оқылатын http://blog.sina.com.cn/xujinglei блог авторы Xu Jinglei қытай қызы екен. MSNBC.com да 2007 жылдың шілде айында жарияланған материалы бойынша Ксю Джинглей «Жылдың ең таңымал блогерi» деген атаққа ие болды. 600 күн ішінде блогтың беті 100 миллион рет қаралды. Блогтың мазмұны мен тақырыбына келетін болсақ, бұнда ешқандай нақтылық жоқ. Яғни, тұрақты тақырып былай тұрсын, блогтың жаңартылуы тұрақты емес, дизайны да біртүрлі...пост саны аз, соған қарамастан 1000даған комментарийге толы. Автор бұл блогты қытайша жүргізгендіктен, ағылшын баламасын да жасаған болатын. Бірақ ағылшынша ағып тұрмағандықтан, пост мазмұны қарапайым, мысалы «Finally the first kitten’s been born!!! Just waiting for the second, in the middle of the third one now!!!!!!!! It’s midnight, she gave birth to another one!!!!!! 12:40, the third one was born smoothly. Her owner’s very happy!!!!!!!!!!!» Мамандығы бойынша Ксю режиссер. Кейінгі кезде ән айтатын болды, өз алғашқы таспасын да жазған. San Sebastian International Film Festival-да «Белгісіз әйелдің хаты» атты бейнетуындысы үшін «үздік режиссер» номинациясында жүлдегер атанды. Ксю электрондық түрде журнал да шығарады. Журналды ай сайын 3 миллион адам жүктеп алады.
http://internetno.net/2007/12/24/number_one_blogger/

пятница, 4 января 2008 г.

Канададағы қазақ.


Рахим Дәулетқалиев Орал қаласының тумасы, қазір 19да. 2007-жылдың жазынан бастап Болашақ бағдарламасымен ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша Оттаваның(Канада астанасы)Карлтон университетінде оқып жүр. Тамыз айынан бастап орыс подкаст дерикториясында http://rpod.ru/ «Казах в Канаде» http://pax.rpod.ru/ атты подкасттарын жариялауда. Жеке подкаст-лентада Freetonik(Рахимның ник аты)Канададағы өмірі, оқуы, білген-көргені жайында тыңдармандарымен бөліседі. Өкінішке орай бұл подкастта қазақ еліне деген отансүйгіштік сезімдер жоқ деп айтуға болады, мүмкін бұл бағдарламаның форматы мен тыңдарманына немесе басқа себептерге байланысты болар. Айта кететін бір жайт, Рахимның тыңдарман саны шамамен алғанда 300. Сонымен қатар IT мәселелеріне арналған «Radio U» атты http://radio-u.rpod.ru/ радио-бағдарламаларды Ресей подкастерлерімен бірлесіп шығаруда. Бұл подкаст ақпараттық технологиялар, компьютер, софт, ойындар сияқты тақырыптарды қамтиды. Дәл қазір Рахим университеттегі емтихандарын тапсырып, Оралға демалысқа келді.

Фото: http://flickr.com/photos/freetonik/

четверг, 3 января 2008 г.

2007 жылы 86 журналист мерт болды.


БАҚ қызметкерлері үшін 1994 жылдан кейін 2007 жыл ең қайғылы болды деп хабарлайды http://news.mail.ru . «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы өзінің баяндамасында 2007 жылы 86 журналист пен басқа да БАҚ қызметкері қаза болды. Көбісі-47 адам-Иракта. Сомалиде-8 және Пәкістанда-6. Сонымен қатар, баяндамада тілшілердің қызмет атқарып жүрген кезінде қаза болғандар саны 244 пайызға ұлғайғаны жайында айтылды. 2008 жылдың 1 қаңтарға дейінгі ахуал бойынша бірнеше елде 135 БАҚ өкілі бас бостандығынан айырылған және бұл көрсеткіш жыл санап өзгертілмейді деп айтуға болады. Интернетте жұмыс істейтін журналистерге қысым көрсету мен соққыға жығу жағдайлары жайында да айтылды. РИА«Новости» мәліметі бойынша әлемде 1 жылдың ішінде 2766 сайт(көбісі пікірталас форумдар) жабылды немесе уақытша жұмысын тоқтатты.

среда, 2 января 2008 г.

Тимур Бекмамбетовтың блогы http://tbekmambetov.livejournal.com/



«Банк „Империал“» жарнамасы, «Түнгі шолғыншылардың» және 2007 жылдың аяғында РФ киноәлемі көп күткен бейнетуындының режиссері Т. Бекмамбетов блог жүргізуге кірісті. Әзірше блогта қысқа 2 пост жарияланды, сонымен қатар блогтың иесі шынымен де Тимур екенін дәлелдейтін және «Ирония...жалғасына» кірмеген эпизодтан тұратын 2 бейнеподкаст бар.