Адамдар интернетте не істейді? Online Publishers Association және Neilsen//NetRatings зерттеуі бойынша, пайдаланушы уақыттың көп бөлігін мәтіндерді(блог, әлеуметтік жүйелер)оқуға және видео қарауға жұмсайды. Негізі, интернетті пайдаланушы адам уақыттың жартысын (47%) контентка арнайды. 4 жыл бұрын бұл көрсеткіш 33%ды құрған.
2003 жылы ең көп қолданылатын, әрі сұраныста бірінші орында болған ICQ мен электронды пошта сол кезде 46%, ал қазір уақыттың 33% алады. Контенттің алдыңғы орынға шыққан себебі - коммуникация мен контенттің технологиялық бірігуінде. 4 жылдың ішінде ақпаратты іздеу уақыты сәл ұлғайды, 3-5 %ға. Әлемтордағы ақпарат мазмұны хабарласу мен қарым-қатынас орнын басты, бұл коммуникация мен контенттің бір-біріне интеграцияланудың жемісі. Мысалы, әлеуметтік жүйелерде оларды бір-бірінен айыру мүмкін емес. Жаңа веб-технологиялар коммуникацияны контентке айналдырды, нәтижесінде блог пен MySpace заманында ICQ және электрондық пошта өзінің бұрынғы маңыздылығын жоғалтты. Бұл үрдіс UGCге бағытталған интернет-жарнама мен жаңа интернет-стартап қаржыландырудағы өсу қарқынына да тікелей әсер ете бастады. Енді жарнама беруші мен жаңа коммуникациялық-контенттік алаңдардың иелері алдында тұратын көкейкесті мәселе:жаңа типтегі контенттегі жарнаманың тиімділігін қалай арттыруға болады және жарнаманың осы түрін қаншаға сатуға болады? Себебі, «коммуникциялық» контент сапасы төмендеу және құндылығы әлі анық емес.
Анатолий АЛИЗАРдың материалы бойынша