пятница, 28 декабря 2007 г.

Arsenal!!!


«Арсенал» (ағылш. Arsenal Football Club) — кәсіби ағылшын футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Премьер-Лигада ойнап, Англияның мықты командаларының бірі. 13 рет чемпион болып, 10 рет Англия Кубогын жеңіп алған. Клуб 1886 жылы Лондонның оңтүстік-шығысында құрылып, 1913 жылы британ астанасының солтүстік бөлігінде орналасқан «Хайбери» стадионына көшті. Ал 2006 жылдан бастап 60 – мыңыншы «Эмирейтс» стадионы салынды. 1886 жылы команда Диал Сквер аталып, кейін Корольдік Арсенал деп өзгертілді. Кәсіби мәртебе алғаннан кейін клуб Вулвич Арсенал деген атауға ие болды. 1893 жылы футбол лигасына кіріп, Екінші дивизионнан 1904 жылы Бірінші дивизионға қадам жасады. 1919 жылы мезгілді 5-орынмен аяқтады. 1925 жылы клубтың бас жаттықтырушысы Герберт Чапмэн болып тағайындалды. 1930-1938 жылдар арасында Арсенал 5 рет Бірінші дивизионда жеңіп, Англия кубогын 2 мәрте иеленеді.
Титулдары:
Англиия чемпионы— 1931, 1933, 1934, 1935, 1938, 1948, 1953, 1971, 1989, 1991, 1998, 2002, 2004,
Англия Кубогы— 1930, 1936, 1950, 1971, 1979, 1993, 1998, 2002, 2003, 2005
Лига кубогын 2 мәрте иеленеді— 1987, 1993
УЕФА Кубогын иеленеді — 1970
УЕФА Кубогының Иелері— 1994
Бүгінгі құрамы: 1 Леманн • 2 Диаби • 3 Санья • 4 Фабрегас • 5 Туре • 6 Сендерос • 7 Росицки • 8 Диарра • 9 Эдуардо • 10 Галлас • 11 ван Перси • 13 Глеб • 15 Денилсон • 16 Фламини • 17 Сонг • 19 Жилберто • 21 Фабианский • 22 Клиши • 24 Алмуния • 25 Адебайор • 26 Бендтнер • 27 Эбуэ • 30 Траоре • 31 Хойт • 32 Уолкотт • 33 Конноли • 36 Рэндалл • Жаттықтырушысы: Венгер

суббота, 22 декабря 2007 г.

Жаңа технологиялар әсері.


Адамдар интернетте не істейді? Online Publishers Association және Neilsen//NetRatings зерттеуі бойынша, пайдаланушы уақыттың көп бөлігін мәтіндерді(блог, әлеуметтік жүйелер)оқуға және видео қарауға жұмсайды. Негізі, интернетті пайдаланушы адам уақыттың жартысын (47%) контентка арнайды. 4 жыл бұрын бұл көрсеткіш 33%ды құрған.
2003 жылы ең көп қолданылатын, әрі сұраныста бірінші орында болған ICQ мен электронды пошта сол кезде 46%, ал қазір уақыттың 33% алады. Контенттің алдыңғы орынға шыққан себебі - коммуникация мен контенттің технологиялық бірігуінде. 4 жылдың ішінде ақпаратты іздеу уақыты сәл ұлғайды, 3-5 %ға. Әлемтордағы ақпарат мазмұны хабарласу мен қарым-қатынас орнын басты, бұл коммуникация мен контенттің бір-біріне интеграцияланудың жемісі. Мысалы, әлеуметтік жүйелерде оларды бір-бірінен айыру мүмкін емес. Жаңа веб-технологиялар коммуникацияны контентке айналдырды, нәтижесінде блог пен MySpace заманында ICQ және электрондық пошта өзінің бұрынғы маңыздылығын жоғалтты. Бұл үрдіс UGCге бағытталған интернет-жарнама мен жаңа интернет-стартап қаржыландырудағы өсу қарқынына да тікелей әсер ете бастады. Енді жарнама беруші мен жаңа коммуникациялық-контенттік алаңдардың иелері алдында тұратын көкейкесті мәселе:жаңа типтегі контенттегі жарнаманың тиімділігін қалай арттыруға болады және жарнаманың осы түрін қаншаға сатуға болады? Себебі, «коммуникциялық» контент сапасы төмендеу және құндылығы әлі анық емес.
Анатолий АЛИЗАРдың материалы бойынша

воскресенье, 16 декабря 2007 г.

E-mail және эгоцентризм



Сіздің хатыңызды қабылдаушы адам көп жағдайда хат мазмұның толық түсінбеуі және одан басқа қорытынды шығаруы мүмкін...Психологтар бұл мәселені зерттеп, оның себебін тапты. Мәселенің бәрі-автордың эгоцентризмінде ( http://www.glossary.ru/cgi-bin/gl_find.cgi?ph=%FD%E3%EE%F6%E5%ED%F2%F0%E8%E7%EC&action.x=8&action.y=3 ) жатыр деп тұжырымдауда. Хат авторының ойынша, адресаты оны міндетті түрде түсінуі қажет(«бір нәрсені жасырып тұрсам да, бұл онсыз да түсінкті» деп). Бұндай жағдай күнделікті өмірде жиі кездеседі. Нью-Йорк университетінің ғалым докторлары Джастин Крюгер (Justin Kruger) және оның Чикаго университетіндегі әріптесі Николас Эпли (Nicholas Epley) зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, электроныдқ коммуникация кезіндегі түсінбеушіліктер жайында «Жеке және әлеуметтік психология» (Vol. 89, № 5, стр. 925-936) атты журналдың бір нөмірінде, адамдардың бұрыннан белгілі психологиялық феномен-эгоцентризмнің кесірінен өз сарказм, көңілді күйін немесе салмақты ойларын дұрыс жеткізе алмайтынын түсіндіреді. Эгоцентризм - әлемді өзіңің «менмеңдігі» негізінде қабылдау. Өзімшіл адам электрондық пошта арқылы жіберген мәтінді біржақты қарастырады және басқалары бұны қалай қабылдайтыны жайында уайымдайды. Әрине, бұл проблема ежелден келе жатыр...бірақ қазіргі таңда ол өте актуальды, себебі электрондық пошта - коммуникация арналарының ең маңыздысы болып табылады. Зерттеу барысында, адамдар әңгімелесу процессінде бір-бірін әлдеқайда жақсы түсінеді және тәжірибе жүзінде дәлелденгендей, тіл қату арқылы ақпарат дұрыстығы - 75%ға тең, ал электрондық пошта арқылы - 56%. Ең қызықтысы, қарым-қатынастың қай түрінде болмасын, хабарды қабылдаушы ақпаратты түсінбедім деп еш күмәнданбайды екен, яғни бәрін дұрыс түсіндім деп ойлайды. Американдық журнал хабарлағандай, бұл үрдіс әсіресе 1990 ж. психолог Элизабет Ньютонның эгоцентризм эффектісін зерттеуі кезінде айқын көрініс тапты. Оның тәжірибесі кезінде бір адам кез -келген әуеннің ырғағын келтіріп, үстел үстінен қағып, ал қалғандары бұл әуенді тауып алуы тиіс еді. Әуенді табу нәтижесі 3%ды құрады. Неге десеңіз, үстел үстінен қаққан адамның ойынша, әуенді табу оңай, себебі ол оны өз санасында «естіп тұр», ал бұны тыңдап отырғандар тек қағыстарды естиді. Электрондық поштадағы қарым-қатынас процессі де осыған жақын. (авторы Анатолий Ализар) Мүмкін тура солай емес та шығар, бірақ асыққан кезде немесе бір нәрсені тура айта алмай, басқаға айналдырып, ойымызды шашыраңқы түрде жеткізген жағдайларды есімізге түсірейікші..., хаттарыңыздың мән-мағынасын, контекстін түсіну қаншалықты оңай?
http://www.webplanet.ru/news/internet/2006/2/7/ego.html

пятница, 14 декабря 2007 г.

Блог тарихынан


Washington (Post?) Profile газетінің пайымдауынша, алғашқы блогтың иесі Тим Бернарси-Ли. Ол өз блогында 1992 жылдан бастап жаңалықтарды жариялай бастады. Ал 1996 жылдан бастап блогтар таңымалдылығы арта бастады.1999 жылдың тамыз айында Сан-Францискодағы компьютерлік Pyra Labs компаниясы Blogger деген сайт ашқан еді. Бұл компания сол кезде алғашқы тегін блогтық қызмет көрсетті. Кейін Bloggerді Google сатып алды. 2004 жылдың аяғында Apple компаниясы өзінің жаңа тауарлар жайлы ресми мәлімдемеден бұрын ақпарат жеткізген блоггерлерді сотқа тартып, ақпарат көзің көрсетуді талап етеді. Бірақ 2 жылдан кейін компания блогерлердің кінәсін дәлелдей алмады. 2006 жылы сот: «блогерлер журналистер сияқты ақпараттың көзің көрсетпеу құқығына ие»,- деп шешті.
Блог күні (BlogDay).
Тамыз айының 31ші күні. Бұл күні әр пайдаланушы өзіңе ұқсамайтын тақырыптағы 5 блогқа сілтеме жасайды. Бұл мереке батыста пайда болып, алғаш рет 2005 жылы тойланды. 2005 жылғы блог туған күнінде Google индексінде 30 мың жаңа бет пайда болды.
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3

понедельник, 10 декабря 2007 г.

Журналистер мен блогерлер:бәсекелестік әлде әріптестік пе?



Блогерлер – бұл жаңа техноэлита.
Анатолий Ализар (аударылған)
Ең танымал журнал мен газеттің журналистері технологиялық фирмалардың баспасөз-конференцияларына келіп, төрдегі орындардың бәріне блогерлер жайғасқанын көріп жатады. Шынымен де, Америкада бұл қалыпты жағдай. Блогерлер ноутбуктарымен келіп, қай оқиға, жиналыс болмасын, дәл сол сәтте, жаңалықтарын интернетте жариялайды. Бұқара халықтың көп бөлігі блогтарды жиі оқиды, себебі бұнда жаңалық реалды уақытта жаңартылып отырады. Ертеңгі газеттің шығуын ешкім күткісі келмейді, себебі кеше болған жаңалық - ертеңгі тарих. Wall Street Journal қағаз басылымдарының технологиясы бағанының редакторы өзінің пікірімен бөлісіп: «Революция тура жоспарлағандай болып шықпайды,- деп жазады Ли Гомес (Lee Gomes). -Дәл қазір бұл технологиялық блогтардан көруге болады. Олар шынымен де блог жақтастары айтқандай, өте маңызды, бірақ маңыздылығы басқада». Бұрын дәстүрлі БАҚтың барлық жаңалықты жедел түрде жеткізу мүмкіндігі болмайтын және олардың орнына арнайы блог армиясы келіп, бүкіл технологиялық жаңалықтар жайында хабардар ете бастады, деп болжамдайтын. Қазір блог саны аспандағы жұлдыздармен тең болса да, шынымен бұқараға ықпал жасай алатын блогтар аз, олардың өзі сарапталудан өткен техноэлита. Яғни, Гоместің ойынша, біз блогерлердің пролетарлық ақпараттық эволюциясын емес, элита орнын басқан қарапайым құбылысты көре алдық. Ақпараттық билік біреудің иелігінен екіншісіне көшті - дәстүрлі медиа қолынан блогерлер қолына. Бір қарағаннан бұл даулы тезис, бірақ тәжірибе жүзінде жүздеген ең үздік технологиялық блогтарды сараптайтын арнайы бағдарлама ең қызықты тақырыптарды сағат сайын қадағалайды және бұл тақырыпқа байланысты кім және не деп айтқанын көрсете алады. Бұл бағдарлама бүкіл блогосфера үшін кристалдандырудың соңғы нүктесі. Егер де бір беттің күнделікті жаңартылуын қадағалайтын болсақ, онда күн сайын бірдей блогтардан цитата келтіретінің байқауға болады және ондағы есімдер де, блогтар да - бір, олардың ақпараты толқын сияқты блогосфераға таралады. Бір блогқа күніне неше адам кіргенін ең ірі газеттің таралымымен салыстырмасақ та (ең көп аудитория 10-12 мың адам), олардың техноэлитаға (менеджерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар және шешім қабылдайтындарға) деген ықпалы зор. Мысалы, TechCrunch деген кішігірім блог бар, ол стартаптар, Web 2.0 өкілдерінің жаңа толқыны туралы ақпарат береді. TechCrunch блогының жүргізушісі-Майкл Аррингтон қаржыландыруды іздейтін венчурлық инвесторлар және кәсіпкерлер арасында көп танымал. Кәсіпкерлердің Аррингтонмен кездесудің мақсаты бір - автор өз блогында олардың есімдерін атау үшін. Олар Аррингтонға, өзінің жүйесі бар демо түріндегі CD ұсына алмай, қиналуда. Арингтонның блогын венчурлық инвестор немесе Google, не Yahoo басқарушыларының бірі оқып(олар TechCrunchты міндетті түрде оқиды), жаңа есімдерді байқауы мүмкін, әрине, бұл маңызды келісім-шарттың баспалдағы да болуы мүмкін.
Техноэлитаның назары дәстүрлі БАҚтан блогтарға ауысты. Бірақ бұрынғы медиалық әлеміндегідей ықпал жасайтын газеттерге ұқсас, бұнда да Аррингтон сияқты пәрмені бар блогтар көш басында. Бір жағынан блогосферада әділетті түрде сараптау жасалады, яғни ең талантты блогерлер ғана алдыға шыға алады. Сондықтан да Аррингтонның орнында одан талантты, тәжірибесі мол, дәлірек болжам жасай алатын басқа біреу болуы мүмкін...
http://www.isramir.com/content/view/2934/189/1/0/

воскресенье, 9 декабря 2007 г.

Блогерлердің сөзбостандығына жасайтын ықпалы


Авторы Жюльен Пэйн. (аударылған)
Блогтар адамдарды таң қалдырады немесе толғаңдырады. Біреулері оларға сенбейді, біреулері онда ақпараттың жаңа форма авангардын байқайды. Бір нәрсе белгілі:олар АҚШтан бастап Қытай мен Иранға дейінгі түрлі мемлекеттердің медиаларына түрткі жасайды. Блогтарға әзір баға беру ерте. Біз 10 жылдықтар бойы газет оқып, телевидение мен радионы тыңдаймыз және жаңалықты комментарийден, таблоидты салмақты журналдан, көңіл көтеруге арналған бағдарламаны деректі фильмнен тез айыруға үйрендік. Бірақ, блогқа қатысты әлі де болса тұрақты бағытымыз жоқ. Бұл «онлайндық күнделіктер» өз арасында дәстүрлі медиадан гөрі қиын бөлшектенеді. Жаңалықтар сайтын жеке форумнан, ғылыми зерттеулер сайтын қажет емес фактілердің қосындысынан туратын сайттан айыру қиын.Аудиторияны өз ақпаратына сендіру үшін кейбір блогерлер өзіндік этикалық нормаларды жасайды. Соған қарамастан интернетте сенімсіз ақпарат өте көп және пайдаланушылар әлі де болса өзара дөрекі әңгімелесуді қойған емес. Блог мамандығы, техникалық біліміне қарамай, барлық адамдар үшін материалды жария ету мүмкіндігіне ие. Бұдан шығатын қорытынды-нашар және қызықсыз блог саны қызықты және сапалы блогтар санымен теңбе тең. Блог-сөзбостандығын жүзеге асыратын бірден бір құрал. Бұрын ақпараттың белсенді емес тұтынушысы жаңа журналистиканың қолданушысына айналды. Бұл жайында американдық блогшылардың бастаушысы Дэн Гиллмор:«адамдарға адамдар үшін жасалатын... халықтық журналистика» деп айтады. Дәстүрлі медиа қатты цензураға алынған мемлекеттерде блогерлер жалғыз нағыз журналистер, өйткені олар тәуелсіз жаңалықтарды жариялап, билікке қарсы пікірлерін айта алады. Көп блогерлер сол себептен басбостандығынан да айырылған. Жеке бет авторларының ішінде блог жүргізуді өз міндеті, қажет ісі немесе ермегі деп санайтындар бар. Олар өзін 1000даған пайдаланушының көзі мен құлағымын деп есептейді...
Image: Reporters Without Borders/www.rsf.org

четверг, 6 декабря 2007 г.

Блогосфера


«Блогосфера» - термины блог әлемінің жалпы бейнесі және Интернеттегі олардың жеке бөлігі саласында қолданылады. Негізінде, блогосфераның құрылымында мазмұнынан тәуелсіз әр жеке блог орналасады. Барлық блогтардың саны қанша екенін анықтау
қиын, бірақ танымал Technorati (http://www.technorati.com/) іздеу қызметі 2006 жыдың сәуір айына дейін 36.8 миллион вебсайт пен веблог тауып алды. Олардың мағлұматтарына сүйенсек, күн сайын 75000 блог өз өмірін бастап, күн сайын 1.2 миллион жаңа хабарлама қосылады екен. Бұл тек қана Technoratі зерттеп тапқан блог саны, ал дүниежүзінде бұдан басқа миллиондаған қаншама блог бар... Блогосфера әлем сияқты кішігірім қоғамдастықтарға бөлінеді. Мысалы, Ресей блогосферасы орыс тілінде, Ресейде орналасқан және Ресей жайында жазылатын блогтардан, армян тілді блогосфера әртүрлі тақырыпта жазылған армян тіліндегі блогтардан тұрады. Блогосфера әрқилы себепке байланысты жіктелуі мүмкін және әр жеке блог әр түрлі блогосфераның бөлігі бола алады.
фото- httpvkontakte.ruclub158463

«Дала уалаятының газеті» .


1888 – 1902 ж.ж. Омбы қаласында жарық көрді. Басында «Акмолинские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрды. Редакторлары:Козлов, Михайлов, Абаза, Попов, Лавров, Аблайханов, Сұлтанғазин, Дүйсембаев. Газетте ақпараттық материалдарымен( Стамбұлдағы Айя-София мешіті туралы, Баян ауылдан, Ғылым хабарлары) қоса публицистикалық, көркем-әдеби туындылар көп. Аңыз, хикаялар, жұмбақ, мақал, өлең, ертегілер көптеп кездеседі. Мысалы, араб елінің «1001 түннің хикаясы» ертегісі, Жиренше шешен, Үш дос, Рас һәм қисық, Толағай һәм бөрі тастаған таулар турасынан т.б. Дала уалаятының газетінде бүгінгі кітаптарға жазылатын аннотацияға ұқсас материалдар да аз емес. Мысалы, «Бір жаңа кітап турасынан», «Басылып шыққан кітаптар туралы», «Жаңа кітаптар», «Қазақтарға пайдалы кітаптар».

вторник, 4 декабря 2007 г.

Блог турасында...


Таныстарыма дипломдық жұмысымның тақырыбы блог, блог бастадым деген кезде мынадай сұрақты жиі естимін: «Веблог немесе блог дегеніміз не?» Жауап беру қиын емес сияқты, бірақ...сонымен
Блог - бір адам жаза алатын онлайндық күнделік ретінде де, жалпы редакторлар командасымен ұйымдастырылатын вебсайт та бола алады. Көп блогтар бір адаммен жазылады және бұндай блогтардың оқырманы-автордың туыстары мен достары болуы мүмкін. Басқалары баспасөз басылымдары сияқты үлкен аудиторияға бағытталып, жаңалық, сараптамалық мақалаларды қамтиды. Кейбір блогтар аз оқылса, кейбіреулердің күніне 100деген, 1000даған кірушісі болады. Блогтар әртүрлі пішін мен көлемде болғанымен, мынадай ұқсастықтарға ие:
-Хронологиялық кері тәртібі, яғни соңғы хабарламалар беттің үстінде орналасады;
-Бұрынғы хабарламалармен танысу үшін архивтердың болуы;
-Комментарий қалдыру үшін оқырмандарға арналаған секция;
-Басқа сайттарға сілтемелер(«blogroll»-сілтеме тізімі);
-Блогқа жазылу үшін ақпараттың синдикациясы;
Блогтардың мазмұны алуан түрлі. Көп блогтар жеке басқа байланысты ақпаратпен қамтылса, енді біреулері жаңалықтарға сараптама жасайды, саяси мәселелерге немесе адамдарды қызықтыратын тақырыптарға арналады. Көп блогтар бұл категорияның біреуіне де жатпайды. Егер блогтарға жалпы мінездеме беретін болсақ, олардың жеке адамның пікірін білдіріп, автордың көңіл-күйіне тікелей байланысты екенін байқаймыз, материалдың тақырыбы мен мазмұнының құбылмалы болуы да осыдан. Веблогтар негізінде жеке вебсайт түрінде болып келеді және жиі жаңартылып, дискуссия мен «әсер ету» мүмкіндіктеріне ие.

«Түркістан уалаятының газеті»


Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы. Ең алғаш «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастаған. Бұл газет Орта Азия халқының тұңғыш баспасөзі болып саналады. Газеттің алғашқы редакторы-ағайынды Ибрагимовтар болды. 1870-1882 ж.ж. арасында шықан газеттің материалдарында жарлықтар, егін егу, мал шаруашылығы, қазақ елінің басқа елдермен қарым-қатынасы, темір жол, алғашқы телеграф, пошта қатынастары, кен қазу, металл, көмір өңдіру, Қытайдағы ұйғыр мен дұнғандар көтерілісі, қазақ елінің тарихы, шығу тегі, саяси-экономикалық, оқу-ағарту мәселелері, алғашқы сын, зерттеу мақалалары жарияланды.

понедельник, 3 декабря 2007 г.

Кіріспе


Бүгінгі таңда қазақ журналистикасы салыстырмалы түрде болса да дамып жатыр деп ойлаймын. Газет басылымдары электронды жүйеге көшіп, оқырмандар мен автор арасында әлемторда байланыс орнатуда. Азаматтық журналистика түсінігі де бізге жат емес. Оқырмандардың(тыңдарман, көрермен) жеке пікірі, позициясы, көзқарасы арқылы автор жариялаған материалдың бағасын, қаншалықты халыққа пайдасы бар екенін анықтай алуы, сонымен қатар талғам, сұраныс жайында хабардар болуы да осымен байланысты. Дегенмен, қазақ журналистикасының тарихын білмей, БАҚтағы жаңа технологияларды меңгеру қателік деп санаймын. Сондықтан да алғашқы басылым «Түркістан уалаятының газетінен» бастасақ...

пятница, 30 ноября 2007 г.

Өкінішті...


Қарағанды қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында 28 қараша күні «Жындыханадан келген мейман» атты комедияның тұсау кесері болып өтті. Өкінішке орай сол күні театрға бара алмадым. 30 күні қойылымды екінші рет тамашалауға болатынын афишадан көріп, «мәдени бағдарламамды» жұма күнге ауыстырдым. 30ы кешкі сағат 17.45те театрдың кассасына келіп тұрсам,
-Сегодня ничего не будет!
-Почему?
-Потому что!-деп орыс апай ұрсып тастады.
Шынымен де, «Театр киім ілгіштен басталады» деген осыған орай айтылған шығар... Амал жоқ, автобусқа отырып, үйге қайтуға тура келді.

четверг, 29 ноября 2007 г.

Азаматтық журналистика және блоггинг




«Біздің аудитория біз жазған феномендер мен құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі. Оқырман біз білмеген фактілермен бөлісе алады. Керек ақпаратты қоса алады. Олар бізге қосымша сұрақ қоя алады. Сонымен қатар, бізді сынай алады.» Dan Gillmor
«Журналисттік кәсіби білімі жоқ адамдар құру, жақсарту, бақылау үшін жаңа технологияларды пайдаланады»
Mark Glasse
«Азаматтық журналистер-бұл біз бұрын аудитория деп атаған адамдар»
Jay Rose

понедельник, 26 ноября 2007 г.

«Сакура бұтағы» авторы Всеволод Овчинников


Бұл кітаптың мазмұны Жапония мен жапондықтардың өмірі жайында. Автор кітапты «Олардың талғамы, Олардың өнегесі, Тұрмысы мен еңбегі, Олардың күнкөрісі.» деп, біренеше бөлімге бөледі. Овчинников өз еңбегінде бір тұтас елді оның халқы арқылы көрсеткісі келеді, капиталистік саяси әлем мен елдегі билік механизмдері туралы ой қозғайды. Ал Жапонияның журналистикасы жайында айтатын болсақ, автор: буржуазиялық баспасөздің бәсекелестігіне қарамастан, баспасөз-конференциялардағы баспасөз-клубтарының жүйесі туралы мағлұмат береді. Бұл жүйе арқылы әр мемелекеттік мекеме, саяси партия немесе қоғамдық ұйым өзінің ресми ақпараттарын барлық БАҚтарға бірдей таратуы (жария етуi) тиіс. Сонда жаңалық монополиялық құндылыққа айналмай, барлық баспасөз органына ортақ болады.

понедельник, 19 ноября 2007 г.






Бiреудi сағынудың ең жаманы-онымен бірге бола тұра, оның ешқашанда сенікі болмайтынын білу.

Алдымыздан бізге қажет емес адамдардың жолығуы да Алланың жазғаны болуы мүмкін, себебі кейін өз жалғызынды тапқасын, алғыс білдіреміз.

Басымыздан өткен әр оқиғаның өз себебі болады.

Сенің көз жасына ешкім тұрмайды, ал егер ондай адам бар болса, ол сені еш уақытта жылатпайды.
Габриель Гарсиа Маркес

пятница, 16 ноября 2007 г.

Эссе жайында


ҚарМУ Филология факультеті журналистика бөлімінің 4-курс студенті
Сембекова Әлия Қарағанды қаласы
Данная статья рассказывает о художественно-публицистическом жанре эссе, о его истории, основной функции и роли в мировой литературе и в частности в журналистике.

Эссе – ақиқат ұлылығы.

Әдебиет-керемет қоғамдық күш.
Д.И. Писарев
Әдебиет халықтың кешегі өмірін, бүгінгі тынысын кестелеу арқылы белгілі бір кезеңдердің көркем шындығын көрсетеді. Қай елдің әдебиетінде болса да көркем шығармашылықтың құнды жанры ретінде эссе туындап жатады. Әр жанрдың өз ерекшелігі мен өзіндік табиғаты бар. Әдетте бір жанрға қойылатын талапты екінші жанрдың табиғаты көтере алмайды. Вольтер:«Жалықтырып жіберетін жанрдан басқасы бәрі жақсы»-деген. Шынымен де, қызықсыз жанр болмайды, бұл тікелей жазушының көзқарасына, идеясына, бейнелеу, жеткізу әдісіне байланысты дүние.
З. Қабдолов: « Жанр-даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанр олардың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процесстегі атқарар роліне, алар орнына байланысты.»(1/360) Жанрлардың ішіндегі қандай құбылыстар болмасын белгілі бір стильдік, көркемдік мақсатта жұмсалып, көркем шығармалардың ішінде айрықша қызметке ие болып тұрған жанрлардың бірі - эссе жанры.
Эссе жанры - тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе-соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интелектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.(2/378) «Эссе» сөзі француз тілінен аударғанда тәжірибе, шығарма, мүмкіншілік деген бірнеше мағына береді. Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы Мишель Монтень («Опыты», 1580-1588 г.г.) Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады. Осы жанрлар кейінгі антика дәуіріндегі өнер түрімен ұқсас болып келеді, ал тарихы көркем-құжаттық әдебиет ғылымға талпыну мен адамды, қоғамды, тарихты көркемдік жағынан зерттеу кезі - Қайта өрлеу дәуірінде бастау алады. ХХ ғасырда «фактілік әдебиет» туралы Иржи Гаек былай деп жазады: «Репортаждар, лирикалық, поэтикалық эсселер, биографиялық новеллалар-бұлардың барлығы дерлік «сюжеті жоқ», «перифериялық» жанрлар және қазіргі таңда олардың ролі өте зор. Олар әдебиеттің маңызды және ажыратылмас бөлшегіне айналды.» З.И. Кирнозе бұл феноменді ХХ ғасырдағы романның құлдырауымен байланыстырады.(3/1) Бүгінде эссе жанры жаңа рөлге ие, маңызды функция атқарады, нақты айтатын болсақ, Республика деңгейінде өтетін кейбір шығарма бәйгелері осы жанрда ұсынылып жарияланады, бұның себебі-эссе жанры жеке тұлға тарапынан баяндалатын хабарламаны талап етеді.
Соңғы жылдары эссе жанры баспасөз беттерінен қайта көріне бастады. Бұның себебі - эссенің газет беттеріне қайталамас реңк, ерекшелік әкелуінде. Қазіргі заманғы эссенің негізі - қоғамдық өмірдің әр саласындағы құбылыстарынан пайда болған «теория», анықталған концепцияны ерекше бейнелеу мен жеткізуде жатыр. Эссеистың ойлау деңгейі «глобальдылық». «Глобальды» деңгейде ойланудың маңыздылығы ең алдымен адамдардың күнделікті өмірде негізгі мәселелердің ішінде көкейкесті, өтпелі кезеңдерді анық байқауға көмектеседі.
Журналист Жидегүл Әбдіжәділқызының айтуынша: «Эссе-журналистің адамгершілік көзқарасын танытатын, авторлық позициясын айқындайтын, кәсіби деңгейін аңғартатын, қалың бұқараның санасына тікелей ықпал
етіп, сол арқылы қоғамдық пікір тудыратын жанр». (4/7) Яғни, журналистік тұрғыдан қарастыратын болсақ, өте тиімді, әрі журналистік функцияны атқаруға мүмкіндік жасайтын жанрлардың бірі. Өкінішке орай, кейбір эссе жазушылары оның негізгі қисынын, жанрлық ерекшелігін, құрылымдық сипатын біле бермейді, көбінесе , ойша болжаммен жазады. Себебі, олар бұл жанрдың тарихынан, мән-мазмұнынан бейхабар. А.А. Тертычный қазіргі баспасөздегі эссенің бірнеше түрлерін қарастырады, біз солардың ішіндегі ең көп таралған 4 түріне тоқталайық:
Публицистикалық эссе. Бұндай эссенің ерекшелігі күн тәртібіндегі, аудиторияны қызықтыратын мәселелерді қозғауында (мысалы өлім жазасына мораторий жариялау, терроризм т.с.с.).
Әдеби-сын эссе. Бұл әдеби шығармалар жайында жалпы ой-толғаныстар. Әдеби-сын эссенің рецензиядан айырмашылығы-эсседе шығарма детальды түрде талданбайды. Эссеист әдеби шығарманың жалпы заңдылықтарын көрсетуге тырысады, нақты шығарма арқылы өз пікірін білдіреді, идеясын өрбітеді.
Философиялық эссе. Автор эссенің бұл түрінде көбіне болмыстың жалпы мәселелерін, оның қоғамға, жеке адамға әсері туралы сөз қозғайды. Материя және рух, өмір және өлім, олардың бірлігі мен күресі-авторды толғандыратын тақырыптар осы.
Ғылыми эссе. Бұл эсселер жалпы ғылыми мәселелерге байланысты болып келеді. Техникалық жетістіктер, өркениет тағдыры, техника мен адам арасындағы қақтығыстар, ғылымның ізгіліктендірілу жолындағы әдістер мен мақсаттар және т.б. (5/217)
Эссе автордан логикалық жағынан жүйелі ақпаратты талап етеді. Эссеист өзінің ой-толғанысында бір немесе бірнеше пікірді жақтайды немесе оларға қарсы шығады. Автор өз ойын факт пен логикалық негіздеу арқылы дәлелдеп қана қоймай, бұл ақпаратты аудиторияға түсінікті түрде жеткізу керек. Мысалы Қазақстан жазушысы Марат Қабанбайдың «Қазақ қайда барасың?» атты шығармалар жинағында : «Қазақ тілі, ділі, діні жүретін аумақтар Арал теңізіндей тартылып барады.» деген үзіндінің өзінде «Ханнан да, қарадан да биік ана тіліміздің күні не болады?» атты эссенің тақырыбын толық ашу үшін оқырманға түсінікті, әрі актуалды теңеу қолданады. (6/19) Мәтін хронологиялық тәртіпке келтіріліп, бірден түсінуге қиын ой-пікірлер мысал келтіру арқылы, ал соңында ойды қорытып, түйіндеп жазылған эссені эссе деп атауға болады. Бұл жанрға арналып жазылған ағылшын, француз, американ әдеби теориялық шығармаларда ХХ - ғасырдағы эссеның «көкейкестігі», «өміршеңдігі» туралы көп айтылады. Дональд Друэрри өзінің «Varieties Of The Essay» еңбегінде эссенің әдебиет формасының шегінен асып, мерзімді баспасөз, баспадан жаңа шыққан кітап сияқты өте маңызды екенін жазады. Телевидение мен радионың өзінде эссе жанрдағы материалдар жиі дайындалынады.
Ағылшын ғылымдары Роберт Скулз бен Карл Клаустың еңбектерінде эссе Платонның «ақиқат ұлылығымен» байланысып қарастырылады, ал бұндағы жанрдың негізігі функциясы - «сендіру»(«persuasion»).(3/3) Эсседегі бізбен ой бөліскен адам бізді өзінің көзқарасының дұрыстығына сендіреді, әрі оқырман эссеге көз жүгірткенде, білімі терең, дүниетаным деңгейінің көкжиегі кең, өресі биік, аз сөзбен көп мағынаны қамти алатын, өмір, қоғам, тіршілік туралы өз тарапынан ой қоса алатындай болуы тиіс. Мысалы Қазақстан әдеби сыншысы, журналист Амангелді Кеңшілікұлының «Гогольдың өлімі атты» шығармасында: «Өмірінің соңында жазған Гогольдің «Жазушының жан азасы» еңбегін оқыған сайын өмір дегеніміздің адам мен сайтанның арпалысы екендігіне көзім жете түскендей болады. Сол сайтанды жеңу-халықтың ар-ұятының өлшеміне ғана байланысты....Менің ойымша, өз халқының келешегі үшін шын жаны ашитын жазушы оны өтірік мақтап емес, Гоголь сияқты ашына сүю керек, ашына!»(7/8)
Г. Марсель, П. Телар де Шарден, С. Вейля, М. Мерле-Понти және т.б. философтардың эссе жанрындағы шығармаларында француз менталитетінің ерекшеліктері ішінде философиялық және көркем өнер саладағы ойлардың туыстығын анық көрсете білген. ХХ ғасырдағы эссеист, «сын метафизигі» М. Бланшо өзінің әдеби-сын эсселерімен танымал болған. Ол «Әдеби кеңістік» атты эссесінде философия мен әдебиеттің жақындастығын дәлелдеу үшін Новалистің: «Біз бүкіл Ғаламшарға саяхат жасауды армандаймыз, сонда әлемнің өзі бізде емес пе?» деген сөзін қолданады.
Сонымен, эссе ғылыммен, публицистикамен және көркем әдебиетпен байланысты, дегенмен олардың ешқайсысына да тікелей қатысы жоқ жанр. Эссе көбінде «сараптамалық әдебиетке» жақын болып келетін және философия, әдебиет, саясат, сын, өнеге, эстетика, идеологияны объект ретінде қолданып, соларды сараптайтын жанр. Эссе үшін ең маңызды факторлар: өзектілілік, экспрессивтілік және бейнелілік. Жалпы сәтті жазылған эсселердің авторлары философтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, өнер зерттеушілері, жеке салада хабардар журналистер бола алатынына өмірдің өзі дәлелдеп жүр, демек эссе жанры автордың интеллектуалдық байлығына, өмірден білген, көрген, сезінген, түйгенін халыққа жеткізу стилінің өзіндік ерекшелігіне байланысты деген қорытындыға келуге болады.

Әдебиеттер

1. Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы: Санат, 2002.
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі (Құрастырушылар:З.Ахметов,
Т.Шаңбаев) Алматы: Ана тілі,1998.
3. Т.Ю. Лямзина Жанр эссе (К проблеме формирования теории) интернеттен
4. Журналист газеті №9(34) қыркүйек 2005
5. Тертычный А.А. Жанры периодической печати. М.:Аспект Пресс,2002
6. Қабанбай Марат Қазақ, қайда барасың? Алматы Қазақстан 1995
7. Жас қазақ газеті, №3(55) 27 қаңтар 2006

Жастар басылымы жайында...

Мен 2ші курста оқып жүргенде осы мақаланы қалалық газетке жібергем. Контекстті өзгертпей, Қарағанды жастары ғана емес, бүкіл қазақ жастарына үндеу ретінде осы мақаламды блогқа жариялаймын.

Жастар басылымы қайда екен?

Қал нешік, Сарыарқа жастары? Сендердің халдерінді сұрайтын қазақша басылымның жоқтығы кімнің кінәсі? Сонау 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін дүниеге келген «Қарағанды жастары», кейін «Замандас» деген атпен шығып тұрған жастар газеті Кеңес одағы құлап, қаржы тапшылығына ұшырап жабылып қалған. Осы басылымның редакторы, танымал журналист Төлеубай Ермекбаев электронды Арқа-ақпарат газетінде шыққан сұхбатында (03.12.2003): «...Қаржылық қолдаудан айнып кетпейтін құрылтайшы болса, жастар газетін шығарып тұруға болады ғой. Тек соны «Қарағанды жастарын» іздегендей тұрақты түрде іздеп жүріп оқитын жастар бола қояр ма екен?...» Шынымен де, сапалы газет шығару үшін қаржы керек, бірақ қазақ басылымдарының тарихына үңілсек, 1916 жылы жарық көрген демократиялық-ағартушылық бағыттағы, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған алғаш қазақ басылымдардың бірі «Алаш» газеті қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай 50 шақты санын шығарып үлгерді. Сол кездегі «Айқап», «Садақ», «Жас қазақ» басылымдары қатаң цензураға қарамастан халқымыздың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерін қамтып отырды. Осыны ескере отырып, құрылтайшы жоқтығынан газет шығара алмадық деген жауаптар өз күшін жояды. Мүмкін біреулер, газетке жарайтын материал жазатын жастар саусақпен санарлық деп айтар, бірақ қаламыздағы поэзия, прозаға қалам тербейтін студенттер мен мектеп оқушылар аз емес және де тағы айта кететін бір жайт - Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасы кәсіби мамандарды дайындап жатқанда, бұл пікір шындыққа жанаспайды. Қарағанды облысы бойынша жастарға арналған қазақша басылымның ролі өте зор. Бұндай газет елшіл, отаншыл азамат қалыптастыруда, ұлт пен тіл, дін мен діл, рух пен намыс сияқты тақырыптарды көтеріп, шығармашылықты дамыту мақсатымен мүшайра, үздік шығарма сайыстарын өткізу, жастар проблемаларын (оның ішінде тұрмыс үй, жұмыспен қамтамасыз ету, психологиялық көмек, т.б.) шешуді міндетке алатын болса,
азаматтық журналистика функциясын атқаратын нағыз басылым болар еді.

четверг, 1 ноября 2007 г.

Қазақ интернетінің тарихы

Қазақстанда интернет 14 жыл бұрын пайда болды. Әлем торы ұлттық шекараны ғана ашқан жоқ, сонымен қатар ақпарат ғасырында қоғам өмірі жайлы түсінікті өзгертті десек те қателеспейміз. 1991 жылы алматылық «Парасат» фирмасының базасында Relcom торында аймақтық байланыс орнатылып, бастапқыда тек электрондық пошта қызметін атқарды. Relcom бұл алғашқы кеңестік компьютерлік тор. 1990 жылы телефон байланысымен Финляндия арқылы халықаралық ақпараттық кеңестік компьютерлік кеңістікке шықты. Казнет зерттеушілерінің айтуына қарағанда Қазақстаннан алғашқы хаттардың бірі 1991 жылы 10 сәуір күні Казстройсистема атты Мәскеу тауарлық биржаға жіберілген еді. Кейін "Парасат" пайдаланушылар iшiнен қазақстандық биржаларды, бірнеше БАҚты, ҚазМУ, Стратегиялық зерттеулер институтын және тағы басқа мекемелерді айтып кетуге болады. 1993 жылы Қазнет RELCOM (Санкт-Петербург) компаниясының байланысы арқылы Интернетты тұрақты түрде орнатылды. E-mail, WWW, FTP, USENET, IRC сервистері толық көлемде пайдаланушылар үшін жұмыс атқара бастады. Ал қазақ торының туған күні 1994 жылы 19 қыркүйекте Халықаралық тордың ресми түрде ұлттық KZ доменінің тіркелу күні болып саналады.

Интернет журналистика


Газет, журнал, радио, телевидение тарихын өшіру мүмкін емес. Бірақ интернет торының даму қарқыны соншалық, бүгінде дәстүрлі БАҚтар аудиториясының көбісі электронды БАҚтарға көшуде. Неліктен? Интернет БАҚ басқа БАҚтардан айырмашылығы жоқ. Ол да оқырманға қажет функцияларды атқарады, ол да заңға бағынады, ал кемшіліктерден гөрі, жетістіктер мен жағымды жақтары басым. to be cont.