
Блогерлер – бұл жаңа техноэлита.
Анатолий Ализар (аударылған) Ең танымал журнал мен газеттің журналистері технологиялық фирмалардың баспасөз-конференцияларына келіп, төрдегі орындардың бәріне блогерлер жайғасқанын көріп жатады. Шынымен де, Америкада бұл қалыпты жағдай. Блогерлер ноутбуктарымен келіп, қай оқиға, жиналыс болмасын, дәл сол сәтте, жаңалықтарын интернетте жариялайды. Бұқара халықтың көп бөлігі блогтарды жиі оқиды, себебі бұнда жаңалық реалды уақытта жаңартылып отырады. Ертеңгі газеттің шығуын ешкім күткісі келмейді, себебі кеше болған жаңалық - ертеңгі тарих. Wall Street Journal қағаз басылымдарының технологиясы бағанының редакторы өзінің пікірімен бөлісіп: «Революция тура жоспарлағандай болып шықпайды,- деп жазады Ли Гомес (Lee Gomes). -Дәл қазір бұл технологиялық блогтардан көруге болады. Олар шынымен де блог жақтастары айтқандай, өте маңызды, бірақ маңыздылығы басқада». Бұрын дәстүрлі БАҚтың барлық жаңалықты жедел түрде жеткізу мүмкіндігі болмайтын және олардың орнына арнайы блог армиясы келіп, бүкіл технологиялық жаңалықтар жайында хабардар ете бастады, деп болжамдайтын. Қазір блог саны аспандағы жұлдыздармен тең болса да, шынымен бұқараға ықпал жасай алатын блогтар аз, олардың өзі сарапталудан өткен техноэлита. Яғни, Гоместің ойынша, біз блогерлердің пролетарлық ақпараттық эволюциясын емес, элита орнын басқан қарапайым құбылысты көре алдық. Ақпараттық билік біреудің иелігінен екіншісіне көшті - дәстүрлі медиа қолынан блогерлер қолына. Бір қарағаннан бұл даулы тезис, бірақ тәжірибе жүзінде жүздеген ең үздік технологиялық блогтарды сараптайтын арнайы бағдарлама ең қызықты тақырыптарды сағат сайын қадағалайды және бұл тақырыпқа байланысты кім және не деп айтқанын көрсете алады. Бұл бағдарлама бүкіл блогосфера үшін кристалдандырудың соңғы нүктесі. Егер де бір беттің күнделікті жаңартылуын қадағалайтын болсақ, онда күн сайын бірдей блогтардан цитата келтіретінің байқауға болады және ондағы есімдер де, блогтар да - бір, олардың ақпараты толқын сияқты блогосфераға таралады. Бір блогқа күніне неше адам кіргенін ең ірі газеттің таралымымен салыстырмасақ та (ең көп аудитория 10-12 мың адам), олардың техноэлитаға (менеджерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар және шешім қабылдайтындарға) деген ықпалы зор. Мысалы, TechCrunch деген кішігірім блог бар, ол стартаптар, Web 2.0 өкілдерінің жаңа толқыны туралы ақпарат береді. TechCrunch блогының жүргізушісі-Майкл Аррингтон қаржыландыруды іздейтін венчурлық инвесторлар және кәсіпкерлер арасында көп танымал. Кәсіпкерлердің Аррингтонмен кездесудің мақсаты бір - автор өз блогында олардың есімдерін атау үшін. Олар Аррингтонға, өзінің жүйесі бар демо түріндегі CD ұсына алмай, қиналуда. Арингтонның блогын венчурлық инвестор немесе Google, не Yahoo басқарушыларының бірі оқып(олар TechCrunchты міндетті түрде оқиды), жаңа есімдерді байқауы мүмкін, әрине, бұл маңызды келісім-шарттың баспалдағы да болуы мүмкін.
Техноэлитаның назары дәстүрлі БАҚтан блогтарға ауысты. Бірақ бұрынғы медиалық әлеміндегідей ықпал жасайтын газеттерге ұқсас, бұнда да Аррингтон сияқты пәрмені бар блогтар көш басында. Бір жағынан блогосферада әділетті түрде сараптау жасалады, яғни ең талантты блогерлер ғана алдыға шыға алады. Сондықтан да Аррингтонның орнында одан талантты, тәжірибесі мол, дәлірек болжам жасай алатын басқа біреу болуы мүмкін...
http://www.isramir.com/content/view/2934/189/1/0/