четверг, 6 декабря 2007 г.

Блогосфера


«Блогосфера» - термины блог әлемінің жалпы бейнесі және Интернеттегі олардың жеке бөлігі саласында қолданылады. Негізінде, блогосфераның құрылымында мазмұнынан тәуелсіз әр жеке блог орналасады. Барлық блогтардың саны қанша екенін анықтау
қиын, бірақ танымал Technorati (http://www.technorati.com/) іздеу қызметі 2006 жыдың сәуір айына дейін 36.8 миллион вебсайт пен веблог тауып алды. Олардың мағлұматтарына сүйенсек, күн сайын 75000 блог өз өмірін бастап, күн сайын 1.2 миллион жаңа хабарлама қосылады екен. Бұл тек қана Technoratі зерттеп тапқан блог саны, ал дүниежүзінде бұдан басқа миллиондаған қаншама блог бар... Блогосфера әлем сияқты кішігірім қоғамдастықтарға бөлінеді. Мысалы, Ресей блогосферасы орыс тілінде, Ресейде орналасқан және Ресей жайында жазылатын блогтардан, армян тілді блогосфера әртүрлі тақырыпта жазылған армян тіліндегі блогтардан тұрады. Блогосфера әрқилы себепке байланысты жіктелуі мүмкін және әр жеке блог әр түрлі блогосфераның бөлігі бола алады.
фото- httpvkontakte.ruclub158463

«Дала уалаятының газеті» .


1888 – 1902 ж.ж. Омбы қаласында жарық көрді. Басында «Акмолинские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрды. Редакторлары:Козлов, Михайлов, Абаза, Попов, Лавров, Аблайханов, Сұлтанғазин, Дүйсембаев. Газетте ақпараттық материалдарымен( Стамбұлдағы Айя-София мешіті туралы, Баян ауылдан, Ғылым хабарлары) қоса публицистикалық, көркем-әдеби туындылар көп. Аңыз, хикаялар, жұмбақ, мақал, өлең, ертегілер көптеп кездеседі. Мысалы, араб елінің «1001 түннің хикаясы» ертегісі, Жиренше шешен, Үш дос, Рас һәм қисық, Толағай һәм бөрі тастаған таулар турасынан т.б. Дала уалаятының газетінде бүгінгі кітаптарға жазылатын аннотацияға ұқсас материалдар да аз емес. Мысалы, «Бір жаңа кітап турасынан», «Басылып шыққан кітаптар туралы», «Жаңа кітаптар», «Қазақтарға пайдалы кітаптар».

вторник, 4 декабря 2007 г.

Блог турасында...


Таныстарыма дипломдық жұмысымның тақырыбы блог, блог бастадым деген кезде мынадай сұрақты жиі естимін: «Веблог немесе блог дегеніміз не?» Жауап беру қиын емес сияқты, бірақ...сонымен
Блог - бір адам жаза алатын онлайндық күнделік ретінде де, жалпы редакторлар командасымен ұйымдастырылатын вебсайт та бола алады. Көп блогтар бір адаммен жазылады және бұндай блогтардың оқырманы-автордың туыстары мен достары болуы мүмкін. Басқалары баспасөз басылымдары сияқты үлкен аудиторияға бағытталып, жаңалық, сараптамалық мақалаларды қамтиды. Кейбір блогтар аз оқылса, кейбіреулердің күніне 100деген, 1000даған кірушісі болады. Блогтар әртүрлі пішін мен көлемде болғанымен, мынадай ұқсастықтарға ие:
-Хронологиялық кері тәртібі, яғни соңғы хабарламалар беттің үстінде орналасады;
-Бұрынғы хабарламалармен танысу үшін архивтердың болуы;
-Комментарий қалдыру үшін оқырмандарға арналаған секция;
-Басқа сайттарға сілтемелер(«blogroll»-сілтеме тізімі);
-Блогқа жазылу үшін ақпараттың синдикациясы;
Блогтардың мазмұны алуан түрлі. Көп блогтар жеке басқа байланысты ақпаратпен қамтылса, енді біреулері жаңалықтарға сараптама жасайды, саяси мәселелерге немесе адамдарды қызықтыратын тақырыптарға арналады. Көп блогтар бұл категорияның біреуіне де жатпайды. Егер блогтарға жалпы мінездеме беретін болсақ, олардың жеке адамның пікірін білдіріп, автордың көңіл-күйіне тікелей байланысты екенін байқаймыз, материалдың тақырыбы мен мазмұнының құбылмалы болуы да осыдан. Веблогтар негізінде жеке вебсайт түрінде болып келеді және жиі жаңартылып, дискуссия мен «әсер ету» мүмкіндіктеріне ие.

«Түркістан уалаятының газеті»


Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы. Ең алғаш «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастаған. Бұл газет Орта Азия халқының тұңғыш баспасөзі болып саналады. Газеттің алғашқы редакторы-ағайынды Ибрагимовтар болды. 1870-1882 ж.ж. арасында шықан газеттің материалдарында жарлықтар, егін егу, мал шаруашылығы, қазақ елінің басқа елдермен қарым-қатынасы, темір жол, алғашқы телеграф, пошта қатынастары, кен қазу, металл, көмір өңдіру, Қытайдағы ұйғыр мен дұнғандар көтерілісі, қазақ елінің тарихы, шығу тегі, саяси-экономикалық, оқу-ағарту мәселелері, алғашқы сын, зерттеу мақалалары жарияланды.

понедельник, 3 декабря 2007 г.

Кіріспе


Бүгінгі таңда қазақ журналистикасы салыстырмалы түрде болса да дамып жатыр деп ойлаймын. Газет басылымдары электронды жүйеге көшіп, оқырмандар мен автор арасында әлемторда байланыс орнатуда. Азаматтық журналистика түсінігі де бізге жат емес. Оқырмандардың(тыңдарман, көрермен) жеке пікірі, позициясы, көзқарасы арқылы автор жариялаған материалдың бағасын, қаншалықты халыққа пайдасы бар екенін анықтай алуы, сонымен қатар талғам, сұраныс жайында хабардар болуы да осымен байланысты. Дегенмен, қазақ журналистикасының тарихын білмей, БАҚтағы жаңа технологияларды меңгеру қателік деп санаймын. Сондықтан да алғашқы басылым «Түркістан уалаятының газетінен» бастасақ...