суббота, 12 января 2008 г.

Бұл ақпарат үшін ақша төлеудің қажеті жоқ.


«Блог»– кез-келген тұлғаның ақпараттық «мөр» қалдыратын территория. «Блогерлер» әлемдік ақпарат Интернет кеңістігінде өмір сүреді және бір-бірімен арнайы кеңістік заңдары бойынша байланысады. Ал ақпараттық кеңістік шынайы өмірмен тығыз байланыста. Көп блогерлер басында блогтарға әуестенушілік ретінде қараса, бүгінде оларға жеке өмірінде үлкен орын алатын құбылыс ретінде қарайды. Біреу блог арқылы жақсы адаммен танысты, біреудің өмірге деген көзқарасы өзгерді, енді біреулер блог арқылы проблемасын шешті, ал кейбіреулер өзінің идеологиялық қарсыласымен пікірталасқа түсті...т.с.с. Сарапшылар блогерлікті «азаматтық журналистика» деп жиі айтады. Блогосферадағы қызықты оқиғалардың авторы оқырмандарын тез табады, әрі олардың пікірімен танысып, объективті түрде мәселені ашып, оңы мен солын айыруға көмектеседі. Бұл ақпарат үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Бірақ бұндай ақпарат көздері жауапқа тартылмайтынын тағы ұмытуға болмайды. Бұл «еркін бағдарламалық қамтамасыз етудің» (open source) ақпаратты-сараптамалық аналогия концепциясы. Кейбір жағдайларда блогер әлемдік деңгейдегі ақпараттың алғашқы қайнар көзі де болуы мүмкін. Мысалы «Норд-Остағы» террористік акт кезінде Интернет пайдаланушылар дәстүрлі БАҚтың ақпаратымен қоса, мәскеулік блогтардың ақпартын да үнемі оқып отырды; сонымен қатар, блог әлемінде Ирактан тікелей репортаждар мен т.б. маңызды ақпаратты жедел жеткізу үрдісі жоқ емес. Сонда журналистер мен блогерлер әріптестер, әлде бәсекелестер ме? Осы сұраққа тағы бір рет жауап берейік. Американың әлеуметтік Pew Internet & American Life Project орталығының зерттеулері бойынша «азаматтық журналистер» мен дәстүрлі журналист мамандар кеңістікті «ұрыс-төбелессіз» бөліп, БАҚ алғашқы ақпарат көзі болса, блогерлер оларға «ақпараттық жәрдемдесумен» масштабты түрде қамтамасыз етуде. Осыдан блогтар күннен күнге мультимедияландырылады, бұрын тек қана мәтін болса, бүгін сандық фототехника, сурет(олар үшін фотохостинг бар), үнхабар мен бейнехабарларға арналған бөлек платформалар да дамып жатыр.
http://lenta.ru/articles/2005/05/17/blogs/

среда, 9 января 2008 г.

«Серке»



Петербургте шығатын қазақ оқырмандарына арналған «Улфат» газетінің қосымшасы ретінде Шәймерден Қошығұловтың редакторлығымен 1907 ж. жарық көрген «Серке» газеті 3-4 нөмері басылғаннан соң тоқтап қалған. Газет жайында Ш.Қошығұловтың айтуымен жазылған Орталық Ғылыми кітапханадағы қолжазбада газет атауына байланысты мынадай дерек бар: «...боранда қойды жайылымға бастаушы серке мағынасында алынған». Ал «Нәжет»(«Азаттық»)деген жинақта «Улфат» газеті редакторының бірі жазған хабарда: «1906 ж. «Улфат» қазақ оқушыларына арнап, қазақ тілінде «Серке» атты 2 жетілік газет шығаруға қарар болды. Келесі жылғы март айының басында сол газеттің 67-санына қосымша болып шықты. Газет шыққан соң бірер күннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Улфат» газетінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармада бар даналарын жинап, құлыптап кетті. 2-күні тиісті орындардан сұрағанымызда, олар: «Серке газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берді» делінген «Серке» газетіндегі «Улфат» газетіне қосымша болғандықтан мұны да либералдық буржуазиялық бағыттағы газет деуге болады. «Егемен Қазақстан» газетінің №5 (24977) 9.01.08ж. санында: «Міржақып съездің жұмсауымен 1906 жылы Петербургке барып “Серке” атты қазақша газет шығаруға араласты. Газеттің 1907 жылғы 1-санында “Жастарға” деген өлеңін бастырды. 2-санында “Біздің мақсатымыз” атты мақала дайындады. Онда Қазақстанда 1905 жылы демонстрация кезінде патша өкіметінің атына айтылған талап-сындар жазылғандықтан, газет кәмпескеленіп, таратылмай өртеліп кетті.»

понедельник, 7 января 2008 г.

Әлем күнделіктері.



Ребекка Блад\Rebecca Blood блог саласында ең таңымал мамандардың бірі және Weblog Handbook атты кітаптың авторы. Ребекканың блогы - Rebecca's Pocket. Блогинг саласында оның тәжірибесі мол болғандықтан жиі сұхбат береді, көп блогерлерді қызықтыратын сұрақтарға берген жауаптары Сіздерге де қызықты, әрі пайдалы болады деген ойдамын.
?: «Бүгінгі блогинг-қарапайым адамдарға арналған журнализм» деген пікір қалыптасты, сіз бұл пікірмен келісесіз бе?
Р: Блог-бұл бос контейнер. Оған журналистиканы да, беллетристиканы да, басқа кез келген тұжырымдарды да кіргізуге болады. Ал журналистика – бұл біріншіден тәжірибе. Кімде-кім ақпараттың сенімді көздерін қолданса және оларды тексеретін болса, сол журналистикамен айналысады деп айтуға болады. Бірақ блогерлердің көбісі тек өз ойын, пікірін білдіруге тырысады, ал журналистердің өзі барлық жарияланған материалды журнализм деп санайды, бұл да қате пікір. Дәстүрлі БАҚ өз күшін ешқашанда жоймайды, себебі журналистика бұл көп уақытты талап ететін қажырлы еңбек, ал көп адамдар бұған өз уақытын жұмсағысы келмейді немесе олардың мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан да дәстүрлі БАҚ бұл біріншіден сенімді ақпарат, оның мәртебесі мен пәрменділігі де осында. Меніңше, жаңа медиа-кеңістігiнде блогер де, журналист те орын табады. Алайда, блогерлердің көбісі дәстүрлі БАҚтың материалдарын қолданады және оған сілтеме жасайтынын ұмытпау керек. Ал журналистер артында блогерлердің бар екенін үнемі жадында сақтайды және олардың еңбегін бағалайтын адамдардың бар екенін тағы біледі, осындай бәсекелестік тек материалдың сапасын жақсартады.
?: Блогосфераның ресми емес этикалық кодексі бар ма?
Р: Мен өз кодексімді құрастырдым және оны өзімнің онлайан-кітабыма енгіздім. Оны қолданам деген адам үшін еш қарсылық жоқ. Бірақ бәріне ортақ этикалық нормалар мен ережелер кодексі жоқ. Әлем торында миллиондаған блог бар болғандықтан, олардың бәріне қолданған материалға сілтеме жаса деп айта алмайсын.
?: Блогтың сәтті жазылуына, таңымалдылығына не әсер етеді?
Р: Жақсы блогер басқаларға қызықты тақырыпта материал дайындау керек. Бұл ең дұрыс формула. Бұндай адамдар оқырманның көкейіндегі сауалдарына жауап беруге тырысады және бұндай блогтар жиі жаңартылады. Блог жүргізуші шынымен де жақсы автор болуы тиіс немесе бәріне ортақ көзқарастың арқасында пікірлерін, ой- тұжырымдарын ортаға салады.
?: Блогтың таралу үрдісі кезінде сізді таң қалдырған нәрсе?
Р: Мені бәрінен де таң қалдырғаны - блогтардың саны. Басында мен блогтардың саны 500 және әрқайсымыздың мыңдаған оқырман саны болады деп ойлағам. Бірақ шын мәнісінде миллиондаған блог пайда болды, ал әр блогтың оқырман саны орта есеппен алғанда 6-7 адам. Меніңше, мәселе оқырман санында емес, ал блог оқырмандарының сегментінде, яғни 6-7 адам болса да, ақпаратыңызды қажет деп санайтын және үнемі оқитын тұрақты оқырман саны.
http://www.washprofile.org/ru/node/6665