среда, 9 января 2008 г.

«Серке»



Петербургте шығатын қазақ оқырмандарына арналған «Улфат» газетінің қосымшасы ретінде Шәймерден Қошығұловтың редакторлығымен 1907 ж. жарық көрген «Серке» газеті 3-4 нөмері басылғаннан соң тоқтап қалған. Газет жайында Ш.Қошығұловтың айтуымен жазылған Орталық Ғылыми кітапханадағы қолжазбада газет атауына байланысты мынадай дерек бар: «...боранда қойды жайылымға бастаушы серке мағынасында алынған». Ал «Нәжет»(«Азаттық»)деген жинақта «Улфат» газеті редакторының бірі жазған хабарда: «1906 ж. «Улфат» қазақ оқушыларына арнап, қазақ тілінде «Серке» атты 2 жетілік газет шығаруға қарар болды. Келесі жылғы март айының басында сол газеттің 67-санына қосымша болып шықты. Газет шыққан соң бірер күннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Улфат» газетінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармада бар даналарын жинап, құлыптап кетті. 2-күні тиісті орындардан сұрағанымызда, олар: «Серке газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берді» делінген «Серке» газетіндегі «Улфат» газетіне қосымша болғандықтан мұны да либералдық буржуазиялық бағыттағы газет деуге болады. «Егемен Қазақстан» газетінің №5 (24977) 9.01.08ж. санында: «Міржақып съездің жұмсауымен 1906 жылы Петербургке барып “Серке” атты қазақша газет шығаруға араласты. Газеттің 1907 жылғы 1-санында “Жастарға” деген өлеңін бастырды. 2-санында “Біздің мақсатымыз” атты мақала дайындады. Онда Қазақстанда 1905 жылы демонстрация кезінде патша өкіметінің атына айтылған талап-сындар жазылғандықтан, газет кәмпескеленіп, таратылмай өртеліп кетті.»

4 комментария:

Анонимный комментирует...

Күнің біреуге қарағасын осы ғой. Шындығына келгенде сол орекеңдер қазақ тілін түсінеді дейсің бе? Не жазсақ та өз еркіміз болды ғой. Осыларды сатқан шен үшін жаралған иттер ғой. Қазақтың көктегенін көре алмай. Біздің(қазақтың) осындай алауыздығымыз, бірлігіміздің жоқтығы орекеңдердің геноцид саясатын жүргізуіне қолайлы болды. Бір сөзбен айтқанда қазақтың қырылуына тек қазақ кінәлі. Ебін тапқан екі асайды деген, орекеңдер қалыптасқан жағдайды оңтайлы пайдаланып кетті.

Анонимный комментирует...

pikiriniz ushin kop rahmet. Kirispede jazganymdai, kazak basylymdarynyn tarihyn bilmei, bugingi BAKtyn bagy ashylmas.

Анонимный комментирует...

дурыс айтасын, Алия!

Arsik777 комментирует...

мен гана емес, коп казак журналистерiнiн пiкiрi осы.