среда, 16 января 2008 г.

Бірлесу мен бірлестіктер.


Күнделік жүргізу қозғалысы алдында, блогтағы ақпаратты қабылдау аудиториясы кім, оларды қандай тақырып қызықтыратыны белгісіз еді... Сондықтан ең алғаш блог авторлары журналистер, ғылыми қызметтегі адамдар мен жазушысымақтар еді. Кейін блогерлік үрдіс кеңейді және бүгінгі таңда көп адамдар әлемторда жеке күнделігін жүргізбесе де блогерлік сервисте өз аккаунтын ашуға мәжбүр болады. Себебі аккаунттың иесі басқа блогтардағы жаңалықтарға жазылып, онда өз пікірін қалдырып, пікірталасқа қатыса алады. Блогерлердің бірлестігі немесе қозғалысы деген тіркестер де блогосферада бар. Өздеріне қызықты тақырыптарға немесе бір-бірімен алдын-ала келісілген істерді тыңдыруға итермелейтін блогерлер тобы өзара пікір алмасу, байланысу арқылы көп мәселелерді талқылап, түрлі шараларды ұйымдастырады. Дәстүрлі БАҚ немесе үлкен компаниялар сайттарында да жеке блогтар пайда болды, олар блогерлік сервистерге тәуелді емес, бірақ блог принциптері бойынша жұмыс істейді. Жеке күнделік болғасын, бұнда жеке басқа қатысты ақпарат көп және басқа адамдар жайлы жағымды, жағымсыз ой-пікірлер де болуы мүмкін(мысалы бастығы немесе қызмет атқаратын компаниясы туралы). Өз блогында Delta Airlines американдық авиакомпанияның қызметкері Эллен Симонетти ұшақ бортында униформамен түскен суретін жариялап, коммерциялық құпияны ашты деген кінәмен, жұмыстан шығарылған еді. Кейін Симонетти «Блогерлерді қорғайтын комитет» құрды. Олардың алғаш акциясы Ирандық "кибердиссиденттерді" қорғауға арналған еді. Ирандық блогерлер жиі прогрессивті оппозициясының өкілдері болып саналады, осы жолы антитәртіптік сарында материал жариялағаны үшін түрмеге қамалған еді. «Комитет» қарсылық көрсету мақсатымен, әр қайсысы өз блогына "Free Mojtaba and Arash Day" (Моджаб пен Арашты босататын күн)деген бір ғана сөйлемді келісілген күні жариялаған еді. Бұл акция қаншалықты нәтиже бергені белгісіз, бірақ осындай бірігу нәтижесінде басқа да маңызды мәселелер талқыланатыны белгілі, мысалы АҚШтағы Нэшвилл қаласы, Теннесси штатында блогерлер жиналып, Интернет кеңістігіндегі сөзбостандығы мен әлемтордың құқықтық басқаруы жайында конференция өткізді. Әрине, тек қана журналистика мен интернет технологиялары тақырыптармен шектелмей, басқа да әлеуметтік, мәдени, спорт, т.б. басшылықа ала отырып, жаңа пайдалы ақпарат пен әріптестерді тауып алуға болатыны сөзсіз. http://lenta.ru/articles/2005/05/17/blogs/

Комментариев нет: