
Рахим Дәулетқалиев Орал қаласының тумасы, қазір 19да. 2007-жылдың жазынан бастап Болашақ бағдарламасымен ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша Оттаваның(Канада астанасы)Карлтон университетінде оқып жүр. Тамыз айынан бастап орыс подкаст дерикториясында http://rpod.ru/ «Казах в Канаде» http://pax.rpod.ru/ атты подкасттарын жариялауда. Жеке подкаст-лентада Freetonik(Рахимның ник аты)Канададағы өмірі, оқуы, білген-көргені жайында тыңдармандарымен бөліседі. Өкінішке орай бұл подкастта қазақ еліне деген отансүйгіштік сезімдер жоқ деп айтуға болады, мүмкін бұл бағдарламаның форматы мен тыңдарманына немесе басқа себептерге байланысты болар. Айта кететін бір жайт, Рахимның тыңдарман саны шамамен алғанда 300. Сонымен қатар IT мәселелеріне арналған «Radio U» атты http://radio-u.rpod.ru/ радио-бағдарламаларды Ресей подкастерлерімен бірлесіп шығаруда. Бұл подкаст ақпараттық технологиялар, компьютер, софт, ойындар сияқты тақырыптарды қамтиды. Дәл қазір Рахим университеттегі емтихандарын тапсырып, Оралға демалысқа келді.
2 комментария:
Алға қазақтар. Рахим сияқты адамдамдардың арқасында біздің мемлекетіміз соның ішінде ақпараттық жүйелерді дамуы әлемде таңымалды болатының ойлаймын да армандаймын.
ru/ радио-бағдарламаларды Ресей подкастерлерімен бірлесіп шығаруда
Отправить комментарий