понедельник, 10 декабря 2007 г.

Журналистер мен блогерлер:бәсекелестік әлде әріптестік пе?



Блогерлер – бұл жаңа техноэлита.
Анатолий Ализар (аударылған)
Ең танымал журнал мен газеттің журналистері технологиялық фирмалардың баспасөз-конференцияларына келіп, төрдегі орындардың бәріне блогерлер жайғасқанын көріп жатады. Шынымен де, Америкада бұл қалыпты жағдай. Блогерлер ноутбуктарымен келіп, қай оқиға, жиналыс болмасын, дәл сол сәтте, жаңалықтарын интернетте жариялайды. Бұқара халықтың көп бөлігі блогтарды жиі оқиды, себебі бұнда жаңалық реалды уақытта жаңартылып отырады. Ертеңгі газеттің шығуын ешкім күткісі келмейді, себебі кеше болған жаңалық - ертеңгі тарих. Wall Street Journal қағаз басылымдарының технологиясы бағанының редакторы өзінің пікірімен бөлісіп: «Революция тура жоспарлағандай болып шықпайды,- деп жазады Ли Гомес (Lee Gomes). -Дәл қазір бұл технологиялық блогтардан көруге болады. Олар шынымен де блог жақтастары айтқандай, өте маңызды, бірақ маңыздылығы басқада». Бұрын дәстүрлі БАҚтың барлық жаңалықты жедел түрде жеткізу мүмкіндігі болмайтын және олардың орнына арнайы блог армиясы келіп, бүкіл технологиялық жаңалықтар жайында хабардар ете бастады, деп болжамдайтын. Қазір блог саны аспандағы жұлдыздармен тең болса да, шынымен бұқараға ықпал жасай алатын блогтар аз, олардың өзі сарапталудан өткен техноэлита. Яғни, Гоместің ойынша, біз блогерлердің пролетарлық ақпараттық эволюциясын емес, элита орнын басқан қарапайым құбылысты көре алдық. Ақпараттық билік біреудің иелігінен екіншісіне көшті - дәстүрлі медиа қолынан блогерлер қолына. Бір қарағаннан бұл даулы тезис, бірақ тәжірибе жүзінде жүздеген ең үздік технологиялық блогтарды сараптайтын арнайы бағдарлама ең қызықты тақырыптарды сағат сайын қадағалайды және бұл тақырыпқа байланысты кім және не деп айтқанын көрсете алады. Бұл бағдарлама бүкіл блогосфера үшін кристалдандырудың соңғы нүктесі. Егер де бір беттің күнделікті жаңартылуын қадағалайтын болсақ, онда күн сайын бірдей блогтардан цитата келтіретінің байқауға болады және ондағы есімдер де, блогтар да - бір, олардың ақпараты толқын сияқты блогосфераға таралады. Бір блогқа күніне неше адам кіргенін ең ірі газеттің таралымымен салыстырмасақ та (ең көп аудитория 10-12 мың адам), олардың техноэлитаға (менеджерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар және шешім қабылдайтындарға) деген ықпалы зор. Мысалы, TechCrunch деген кішігірім блог бар, ол стартаптар, Web 2.0 өкілдерінің жаңа толқыны туралы ақпарат береді. TechCrunch блогының жүргізушісі-Майкл Аррингтон қаржыландыруды іздейтін венчурлық инвесторлар және кәсіпкерлер арасында көп танымал. Кәсіпкерлердің Аррингтонмен кездесудің мақсаты бір - автор өз блогында олардың есімдерін атау үшін. Олар Аррингтонға, өзінің жүйесі бар демо түріндегі CD ұсына алмай, қиналуда. Арингтонның блогын венчурлық инвестор немесе Google, не Yahoo басқарушыларының бірі оқып(олар TechCrunchты міндетті түрде оқиды), жаңа есімдерді байқауы мүмкін, әрине, бұл маңызды келісім-шарттың баспалдағы да болуы мүмкін.
Техноэлитаның назары дәстүрлі БАҚтан блогтарға ауысты. Бірақ бұрынғы медиалық әлеміндегідей ықпал жасайтын газеттерге ұқсас, бұнда да Аррингтон сияқты пәрмені бар блогтар көш басында. Бір жағынан блогосферада әділетті түрде сараптау жасалады, яғни ең талантты блогерлер ғана алдыға шыға алады. Сондықтан да Аррингтонның орнында одан талантты, тәжірибесі мол, дәлірек болжам жасай алатын басқа біреу болуы мүмкін...
http://www.isramir.com/content/view/2934/189/1/0/

9 комментариев:

Бақытнұр комментирует...

Iya, gazettin jurnalisterin blogshylar utady, keibir jerlerde.

Al aqparattyqk agenttik, televizia nemese kyska tolkyndy radiolardan ozady deu kiyin.

Kasiptik jurnalister der kezinde materialdy ken kolemde jarialai alady, birak atalmysh mekemenin menzeuimen.

Aueskoi jurnalister (bloggerler) shala sharpy bolsin kizikti etip jetkizedi.

Bloggerlerdin, meninshe, soz saptauy jenil dep oilaimyn. Koptegen jerlerde kasiptik jurnalisterdin tilin tusinbei kalamin, oilaryn da.

Асхат Еркімбай комментирует...

Өте қызық жазба екен! Рахмет!

nurgeldy комментирует...

Khanday keremet suretter! Material da khyzykty.

Arsik777 комментирует...

massagan, ия сiзбен келiсемiн, бiрак блогерлер жана технологиялардан журналистерге караганда коп хабардар, ойткенi бул такырып кобiнде
олардын жеке басына катысты.бул такырыптагы материалдын жеделдiгi де соган байланысты.
Асхат ага, сiзге рахмет!
markes, рахмет. саган бул суреттер таныс емес па? :)

Unknown комментирует...

Менің ойымша, алғашында қоғамдық жүйелер ашу барысында, мысалы otvety.mail.ru, адамдардың ой алмасуына мүмкіншіліктер туды, бірақ ақыры сол желілердің жүргізугілеріне қиын соқты, ойткені, халық тақырыпқа сай болсын болмасын пукур алмаса бастады. Ендігісі әр адамға жеке пікір айтып, өз ойын еркін компьютер бетіне баса алатын м.мкіндік берілді, жіне оны адамзат қызығушылықпен қабыл алды. Интернетте бір мәселе жайлы ізлеу де оңайға түсті, ойткені блогтардағы мақалалар басқа сайттардың беттеріне қарағанда іздеу салу жүйелеріне RSS арқылы тез өтіде. Нәтижесінде халық оқырман ретінде де автор ретінде де осы блоггингті таңдады.

Анонимный комментирует...

saittar da RSS bar goi, blogtan aumaityndai.

Jkynda massagan-ga da RSS kostyk. Azirge tek janaliktaryna. Kol tigende baskalaryna da RSS kosylady.

Arsik777 комментирует...

ия, менiнше алеуметтiк жуйелердiн функциясы да, маныздылыгы да баска. Блогтарды акпараттык сайттын женiлтiлген нускасы ретiнде карастыру керек сиякты, ал акпаратты iздеу бойынша толыгымен келiсемiн.

Бекжан Т.Р. комментирует...

Блогтардағы ең маңызды ерекшелік, ол әуесқой журналисттердің әртүрлі саланың мамандары болуында жатқан сияқты, яғни ол жерде әрбір блоггер өзі қызығушылық танытатын сала да мақалалар жазуға, сол салаға тікелей қатысы бар жаңалықтарға құлақ түре жүретіндіктен, оларды өз блогтарында қаламға алуы, эксперттің пікірі ретінде қабылдауға болады.

Ұтымды жағы осы болар. Ал былай блоггерлерді БАҚ өкілдерімен бір қатарға қоюға болмайды. Ақпаратты өңдеу, оны жеткізу тәсілі, кейбір кездерде журналисттің қызмет атқаратын мекемесінің ұстанымына байланысты хабарды ұсынуы, қалай дегенмен де жүз жылғы тәжірбиеге ұласып жатыр. Ал блоггерлер, "әуесқой журналисттер". Әр түрлі жаңалықты өздігінше жеткізгісі келеді, басқа БАҚ тардан оқшау пікір жазғысы келеді.

Блоггерлер әккі интернет қолданушы ктегориядан шыққандықтан, сол қолданушы аудиторияға жақындығымын танылады. Сондықтан интернетте блоггерлердің кең таралуынын сыры, өздерің де интернет қолданушысы болуында.

Arsik777 комментирует...

Пiкiрлерiнiзге коп рахмет! Блоггингты дастурлi журналистикамен салыстурага болмайды, бiрак АКШта жаксы дамып келе жаткан азаматтык журналистика немесе когамдык журналистиканын жемiсi деп санауга болады.