воскресенье, 9 декабря 2007 г.

Блогерлердің сөзбостандығына жасайтын ықпалы


Авторы Жюльен Пэйн. (аударылған)
Блогтар адамдарды таң қалдырады немесе толғаңдырады. Біреулері оларға сенбейді, біреулері онда ақпараттың жаңа форма авангардын байқайды. Бір нәрсе белгілі:олар АҚШтан бастап Қытай мен Иранға дейінгі түрлі мемлекеттердің медиаларына түрткі жасайды. Блогтарға әзір баға беру ерте. Біз 10 жылдықтар бойы газет оқып, телевидение мен радионы тыңдаймыз және жаңалықты комментарийден, таблоидты салмақты журналдан, көңіл көтеруге арналған бағдарламаны деректі фильмнен тез айыруға үйрендік. Бірақ, блогқа қатысты әлі де болса тұрақты бағытымыз жоқ. Бұл «онлайндық күнделіктер» өз арасында дәстүрлі медиадан гөрі қиын бөлшектенеді. Жаңалықтар сайтын жеке форумнан, ғылыми зерттеулер сайтын қажет емес фактілердің қосындысынан туратын сайттан айыру қиын.Аудиторияны өз ақпаратына сендіру үшін кейбір блогерлер өзіндік этикалық нормаларды жасайды. Соған қарамастан интернетте сенімсіз ақпарат өте көп және пайдаланушылар әлі де болса өзара дөрекі әңгімелесуді қойған емес. Блог мамандығы, техникалық біліміне қарамай, барлық адамдар үшін материалды жария ету мүмкіндігіне ие. Бұдан шығатын қорытынды-нашар және қызықсыз блог саны қызықты және сапалы блогтар санымен теңбе тең. Блог-сөзбостандығын жүзеге асыратын бірден бір құрал. Бұрын ақпараттың белсенді емес тұтынушысы жаңа журналистиканың қолданушысына айналды. Бұл жайында американдық блогшылардың бастаушысы Дэн Гиллмор:«адамдарға адамдар үшін жасалатын... халықтық журналистика» деп айтады. Дәстүрлі медиа қатты цензураға алынған мемлекеттерде блогерлер жалғыз нағыз журналистер, өйткені олар тәуелсіз жаңалықтарды жариялап, билікке қарсы пікірлерін айта алады. Көп блогерлер сол себептен басбостандығынан да айырылған. Жеке бет авторларының ішінде блог жүргізуді өз міндеті, қажет ісі немесе ермегі деп санайтындар бар. Олар өзін 1000даған пайдаланушының көзі мен құлағымын деп есептейді...
Image: Reporters Without Borders/www.rsf.org

5 комментариев:

Анонимный комментирует...

Blog - soz bostandygy!

Unknown комментирует...

Мен өз басым блоггингті Жаңа Ақпараттыө Технологиялар сабагынан Институтымда оқыған едім, осы сияқты талай мақаларды талдаған болатынбыз. Әттең ағылшыншадан қазақ тіліне аударып халықпен бөлісуге кақыьымның жетпей жүргені-ай...

Асхат Еркімбай комментирует...

Жақсы жазба орнатыпсың! Рахмет! Қазақстанның басқа елдерден үлкен айырмашылығы территориясының үлкендігінде. Әр жерде орналасқан адамдар бір-бірімен тез әрі оңай сөйлесуде, пікірлесуде, әсіресе білгенімен бөлісуде блогтың қазақ тілінде дамуы маңызды болмақ. Қазіргі кезде қазақ тілінде блогтардың саны толығып келеді. Сондықтан қазақ тіліндегі блогтардың маңызы мен қазақ блогшыларының жауапкершілігі жөнінде де айта кеткеніміз жөн тәрізді.

Arsik777 комментирует...

Жаксы, рахмет. Ол жагын мiндеттi турде карастырам.

Анонимный комментирует...

Салем, Алия!
Я тоже читал это пособие. Очень хорошо написано!