суббота, 5 января 2008 г.

Әлемнің ең таңымал блогері.



Кейбіреулер блогингты жаңа медиа емес, өз ойын, идеясын жария ететін қол жетерлік құрал деп ұғады. PRO-блог, PRO-блогерлер бар, және олардың пікіріне мыңдаған адам сілтеме жасайды, идея мен теорияларына сүйенеді. Бұл блогтар: Boing Boing, TechCrunch, Engadget, Gizmodo және т.б. Әлемнің «мәртебелі» блогері деп Майкл Скобл, Майкл Аррингтон, Ом Маликты санауға болады. Бірақ...біз әлі естімеген, соған қарамастан әлемнің ең көп оқылатын http://blog.sina.com.cn/xujinglei блог авторы Xu Jinglei қытай қызы екен. MSNBC.com да 2007 жылдың шілде айында жарияланған материалы бойынша Ксю Джинглей «Жылдың ең таңымал блогерi» деген атаққа ие болды. 600 күн ішінде блогтың беті 100 миллион рет қаралды. Блогтың мазмұны мен тақырыбына келетін болсақ, бұнда ешқандай нақтылық жоқ. Яғни, тұрақты тақырып былай тұрсын, блогтың жаңартылуы тұрақты емес, дизайны да біртүрлі...пост саны аз, соған қарамастан 1000даған комментарийге толы. Автор бұл блогты қытайша жүргізгендіктен, ағылшын баламасын да жасаған болатын. Бірақ ағылшынша ағып тұрмағандықтан, пост мазмұны қарапайым, мысалы «Finally the first kitten’s been born!!! Just waiting for the second, in the middle of the third one now!!!!!!!! It’s midnight, she gave birth to another one!!!!!! 12:40, the third one was born smoothly. Her owner’s very happy!!!!!!!!!!!» Мамандығы бойынша Ксю режиссер. Кейінгі кезде ән айтатын болды, өз алғашқы таспасын да жазған. San Sebastian International Film Festival-да «Белгісіз әйелдің хаты» атты бейнетуындысы үшін «үздік режиссер» номинациясында жүлдегер атанды. Ксю электрондық түрде журнал да шығарады. Журналды ай сайын 3 миллион адам жүктеп алады.
http://internetno.net/2007/12/24/number_one_blogger/

пятница, 4 января 2008 г.

Канададағы қазақ.


Рахим Дәулетқалиев Орал қаласының тумасы, қазір 19да. 2007-жылдың жазынан бастап Болашақ бағдарламасымен ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша Оттаваның(Канада астанасы)Карлтон университетінде оқып жүр. Тамыз айынан бастап орыс подкаст дерикториясында http://rpod.ru/ «Казах в Канаде» http://pax.rpod.ru/ атты подкасттарын жариялауда. Жеке подкаст-лентада Freetonik(Рахимның ник аты)Канададағы өмірі, оқуы, білген-көргені жайында тыңдармандарымен бөліседі. Өкінішке орай бұл подкастта қазақ еліне деген отансүйгіштік сезімдер жоқ деп айтуға болады, мүмкін бұл бағдарламаның форматы мен тыңдарманына немесе басқа себептерге байланысты болар. Айта кететін бір жайт, Рахимның тыңдарман саны шамамен алғанда 300. Сонымен қатар IT мәселелеріне арналған «Radio U» атты http://radio-u.rpod.ru/ радио-бағдарламаларды Ресей подкастерлерімен бірлесіп шығаруда. Бұл подкаст ақпараттық технологиялар, компьютер, софт, ойындар сияқты тақырыптарды қамтиды. Дәл қазір Рахим университеттегі емтихандарын тапсырып, Оралға демалысқа келді.

Фото: http://flickr.com/photos/freetonik/

четверг, 3 января 2008 г.

2007 жылы 86 журналист мерт болды.


БАҚ қызметкерлері үшін 1994 жылдан кейін 2007 жыл ең қайғылы болды деп хабарлайды http://news.mail.ru . «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы өзінің баяндамасында 2007 жылы 86 журналист пен басқа да БАҚ қызметкері қаза болды. Көбісі-47 адам-Иракта. Сомалиде-8 және Пәкістанда-6. Сонымен қатар, баяндамада тілшілердің қызмет атқарып жүрген кезінде қаза болғандар саны 244 пайызға ұлғайғаны жайында айтылды. 2008 жылдың 1 қаңтарға дейінгі ахуал бойынша бірнеше елде 135 БАҚ өкілі бас бостандығынан айырылған және бұл көрсеткіш жыл санап өзгертілмейді деп айтуға болады. Интернетте жұмыс істейтін журналистерге қысым көрсету мен соққыға жығу жағдайлары жайында да айтылды. РИА«Новости» мәліметі бойынша әлемде 1 жылдың ішінде 2766 сайт(көбісі пікірталас форумдар) жабылды немесе уақытша жұмысын тоқтатты.

среда, 2 января 2008 г.

Тимур Бекмамбетовтың блогы http://tbekmambetov.livejournal.com/



«Банк „Империал“» жарнамасы, «Түнгі шолғыншылардың» және 2007 жылдың аяғында РФ киноәлемі көп күткен бейнетуындының режиссері Т. Бекмамбетов блог жүргізуге кірісті. Әзірше блогта қысқа 2 пост жарияланды, сонымен қатар блогтың иесі шынымен де Тимур екенін дәлелдейтін және «Ирония...жалғасына» кірмеген эпизодтан тұратын 2 бейнеподкаст бар.

пятница, 28 декабря 2007 г.

Arsenal!!!


«Арсенал» (ағылш. Arsenal Football Club) — кәсіби ағылшын футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Премьер-Лигада ойнап, Англияның мықты командаларының бірі. 13 рет чемпион болып, 10 рет Англия Кубогын жеңіп алған. Клуб 1886 жылы Лондонның оңтүстік-шығысында құрылып, 1913 жылы британ астанасының солтүстік бөлігінде орналасқан «Хайбери» стадионына көшті. Ал 2006 жылдан бастап 60 – мыңыншы «Эмирейтс» стадионы салынды. 1886 жылы команда Диал Сквер аталып, кейін Корольдік Арсенал деп өзгертілді. Кәсіби мәртебе алғаннан кейін клуб Вулвич Арсенал деген атауға ие болды. 1893 жылы футбол лигасына кіріп, Екінші дивизионнан 1904 жылы Бірінші дивизионға қадам жасады. 1919 жылы мезгілді 5-орынмен аяқтады. 1925 жылы клубтың бас жаттықтырушысы Герберт Чапмэн болып тағайындалды. 1930-1938 жылдар арасында Арсенал 5 рет Бірінші дивизионда жеңіп, Англия кубогын 2 мәрте иеленеді.
Титулдары:
Англиия чемпионы— 1931, 1933, 1934, 1935, 1938, 1948, 1953, 1971, 1989, 1991, 1998, 2002, 2004,
Англия Кубогы— 1930, 1936, 1950, 1971, 1979, 1993, 1998, 2002, 2003, 2005
Лига кубогын 2 мәрте иеленеді— 1987, 1993
УЕФА Кубогын иеленеді — 1970
УЕФА Кубогының Иелері— 1994
Бүгінгі құрамы: 1 Леманн • 2 Диаби • 3 Санья • 4 Фабрегас • 5 Туре • 6 Сендерос • 7 Росицки • 8 Диарра • 9 Эдуардо • 10 Галлас • 11 ван Перси • 13 Глеб • 15 Денилсон • 16 Фламини • 17 Сонг • 19 Жилберто • 21 Фабианский • 22 Клиши • 24 Алмуния • 25 Адебайор • 26 Бендтнер • 27 Эбуэ • 30 Траоре • 31 Хойт • 32 Уолкотт • 33 Конноли • 36 Рэндалл • Жаттықтырушысы: Венгер

суббота, 22 декабря 2007 г.

Жаңа технологиялар әсері.


Адамдар интернетте не істейді? Online Publishers Association және Neilsen//NetRatings зерттеуі бойынша, пайдаланушы уақыттың көп бөлігін мәтіндерді(блог, әлеуметтік жүйелер)оқуға және видео қарауға жұмсайды. Негізі, интернетті пайдаланушы адам уақыттың жартысын (47%) контентка арнайды. 4 жыл бұрын бұл көрсеткіш 33%ды құрған.
2003 жылы ең көп қолданылатын, әрі сұраныста бірінші орында болған ICQ мен электронды пошта сол кезде 46%, ал қазір уақыттың 33% алады. Контенттің алдыңғы орынға шыққан себебі - коммуникация мен контенттің технологиялық бірігуінде. 4 жылдың ішінде ақпаратты іздеу уақыты сәл ұлғайды, 3-5 %ға. Әлемтордағы ақпарат мазмұны хабарласу мен қарым-қатынас орнын басты, бұл коммуникация мен контенттің бір-біріне интеграцияланудың жемісі. Мысалы, әлеуметтік жүйелерде оларды бір-бірінен айыру мүмкін емес. Жаңа веб-технологиялар коммуникацияны контентке айналдырды, нәтижесінде блог пен MySpace заманында ICQ және электрондық пошта өзінің бұрынғы маңыздылығын жоғалтты. Бұл үрдіс UGCге бағытталған интернет-жарнама мен жаңа интернет-стартап қаржыландырудағы өсу қарқынына да тікелей әсер ете бастады. Енді жарнама беруші мен жаңа коммуникациялық-контенттік алаңдардың иелері алдында тұратын көкейкесті мәселе:жаңа типтегі контенттегі жарнаманың тиімділігін қалай арттыруға болады және жарнаманың осы түрін қаншаға сатуға болады? Себебі, «коммуникциялық» контент сапасы төмендеу және құндылығы әлі анық емес.
Анатолий АЛИЗАРдың материалы бойынша

воскресенье, 16 декабря 2007 г.

E-mail және эгоцентризм



Сіздің хатыңызды қабылдаушы адам көп жағдайда хат мазмұның толық түсінбеуі және одан басқа қорытынды шығаруы мүмкін...Психологтар бұл мәселені зерттеп, оның себебін тапты. Мәселенің бәрі-автордың эгоцентризмінде ( http://www.glossary.ru/cgi-bin/gl_find.cgi?ph=%FD%E3%EE%F6%E5%ED%F2%F0%E8%E7%EC&action.x=8&action.y=3 ) жатыр деп тұжырымдауда. Хат авторының ойынша, адресаты оны міндетті түрде түсінуі қажет(«бір нәрсені жасырып тұрсам да, бұл онсыз да түсінкті» деп). Бұндай жағдай күнделікті өмірде жиі кездеседі. Нью-Йорк университетінің ғалым докторлары Джастин Крюгер (Justin Kruger) және оның Чикаго университетіндегі әріптесі Николас Эпли (Nicholas Epley) зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, электроныдқ коммуникация кезіндегі түсінбеушіліктер жайында «Жеке және әлеуметтік психология» (Vol. 89, № 5, стр. 925-936) атты журналдың бір нөмірінде, адамдардың бұрыннан белгілі психологиялық феномен-эгоцентризмнің кесірінен өз сарказм, көңілді күйін немесе салмақты ойларын дұрыс жеткізе алмайтынын түсіндіреді. Эгоцентризм - әлемді өзіңің «менмеңдігі» негізінде қабылдау. Өзімшіл адам электрондық пошта арқылы жіберген мәтінді біржақты қарастырады және басқалары бұны қалай қабылдайтыны жайында уайымдайды. Әрине, бұл проблема ежелден келе жатыр...бірақ қазіргі таңда ол өте актуальды, себебі электрондық пошта - коммуникация арналарының ең маңыздысы болып табылады. Зерттеу барысында, адамдар әңгімелесу процессінде бір-бірін әлдеқайда жақсы түсінеді және тәжірибе жүзінде дәлелденгендей, тіл қату арқылы ақпарат дұрыстығы - 75%ға тең, ал электрондық пошта арқылы - 56%. Ең қызықтысы, қарым-қатынастың қай түрінде болмасын, хабарды қабылдаушы ақпаратты түсінбедім деп еш күмәнданбайды екен, яғни бәрін дұрыс түсіндім деп ойлайды. Американдық журнал хабарлағандай, бұл үрдіс әсіресе 1990 ж. психолог Элизабет Ньютонның эгоцентризм эффектісін зерттеуі кезінде айқын көрініс тапты. Оның тәжірибесі кезінде бір адам кез -келген әуеннің ырғағын келтіріп, үстел үстінен қағып, ал қалғандары бұл әуенді тауып алуы тиіс еді. Әуенді табу нәтижесі 3%ды құрады. Неге десеңіз, үстел үстінен қаққан адамның ойынша, әуенді табу оңай, себебі ол оны өз санасында «естіп тұр», ал бұны тыңдап отырғандар тек қағыстарды естиді. Электрондық поштадағы қарым-қатынас процессі де осыған жақын. (авторы Анатолий Ализар) Мүмкін тура солай емес та шығар, бірақ асыққан кезде немесе бір нәрсені тура айта алмай, басқаға айналдырып, ойымызды шашыраңқы түрде жеткізген жағдайларды есімізге түсірейікші..., хаттарыңыздың мән-мағынасын, контекстін түсіну қаншалықты оңай?
http://www.webplanet.ru/news/internet/2006/2/7/ego.html