Показаны сообщения с ярлыком медиа. Показать все сообщения
Показаны сообщения с ярлыком медиа. Показать все сообщения

понедельник, 7 января 2008 г.

Әлем күнделіктері.



Ребекка Блад\Rebecca Blood блог саласында ең таңымал мамандардың бірі және Weblog Handbook атты кітаптың авторы. Ребекканың блогы - Rebecca's Pocket. Блогинг саласында оның тәжірибесі мол болғандықтан жиі сұхбат береді, көп блогерлерді қызықтыратын сұрақтарға берген жауаптары Сіздерге де қызықты, әрі пайдалы болады деген ойдамын.
?: «Бүгінгі блогинг-қарапайым адамдарға арналған журнализм» деген пікір қалыптасты, сіз бұл пікірмен келісесіз бе?
Р: Блог-бұл бос контейнер. Оған журналистиканы да, беллетристиканы да, басқа кез келген тұжырымдарды да кіргізуге болады. Ал журналистика – бұл біріншіден тәжірибе. Кімде-кім ақпараттың сенімді көздерін қолданса және оларды тексеретін болса, сол журналистикамен айналысады деп айтуға болады. Бірақ блогерлердің көбісі тек өз ойын, пікірін білдіруге тырысады, ал журналистердің өзі барлық жарияланған материалды журнализм деп санайды, бұл да қате пікір. Дәстүрлі БАҚ өз күшін ешқашанда жоймайды, себебі журналистика бұл көп уақытты талап ететін қажырлы еңбек, ал көп адамдар бұған өз уақытын жұмсағысы келмейді немесе олардың мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан да дәстүрлі БАҚ бұл біріншіден сенімді ақпарат, оның мәртебесі мен пәрменділігі де осында. Меніңше, жаңа медиа-кеңістігiнде блогер де, журналист те орын табады. Алайда, блогерлердің көбісі дәстүрлі БАҚтың материалдарын қолданады және оған сілтеме жасайтынын ұмытпау керек. Ал журналистер артында блогерлердің бар екенін үнемі жадында сақтайды және олардың еңбегін бағалайтын адамдардың бар екенін тағы біледі, осындай бәсекелестік тек материалдың сапасын жақсартады.
?: Блогосфераның ресми емес этикалық кодексі бар ма?
Р: Мен өз кодексімді құрастырдым және оны өзімнің онлайан-кітабыма енгіздім. Оны қолданам деген адам үшін еш қарсылық жоқ. Бірақ бәріне ортақ этикалық нормалар мен ережелер кодексі жоқ. Әлем торында миллиондаған блог бар болғандықтан, олардың бәріне қолданған материалға сілтеме жаса деп айта алмайсын.
?: Блогтың сәтті жазылуына, таңымалдылығына не әсер етеді?
Р: Жақсы блогер басқаларға қызықты тақырыпта материал дайындау керек. Бұл ең дұрыс формула. Бұндай адамдар оқырманның көкейіндегі сауалдарына жауап беруге тырысады және бұндай блогтар жиі жаңартылады. Блог жүргізуші шынымен де жақсы автор болуы тиіс немесе бәріне ортақ көзқарастың арқасында пікірлерін, ой- тұжырымдарын ортаға салады.
?: Блогтың таралу үрдісі кезінде сізді таң қалдырған нәрсе?
Р: Мені бәрінен де таң қалдырғаны - блогтардың саны. Басында мен блогтардың саны 500 және әрқайсымыздың мыңдаған оқырман саны болады деп ойлағам. Бірақ шын мәнісінде миллиондаған блог пайда болды, ал әр блогтың оқырман саны орта есеппен алғанда 6-7 адам. Меніңше, мәселе оқырман санында емес, ал блог оқырмандарының сегментінде, яғни 6-7 адам болса да, ақпаратыңызды қажет деп санайтын және үнемі оқитын тұрақты оқырман саны.
http://www.washprofile.org/ru/node/6665

четверг, 3 января 2008 г.

2007 жылы 86 журналист мерт болды.


БАҚ қызметкерлері үшін 1994 жылдан кейін 2007 жыл ең қайғылы болды деп хабарлайды http://news.mail.ru . «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы өзінің баяндамасында 2007 жылы 86 журналист пен басқа да БАҚ қызметкері қаза болды. Көбісі-47 адам-Иракта. Сомалиде-8 және Пәкістанда-6. Сонымен қатар, баяндамада тілшілердің қызмет атқарып жүрген кезінде қаза болғандар саны 244 пайызға ұлғайғаны жайында айтылды. 2008 жылдың 1 қаңтарға дейінгі ахуал бойынша бірнеше елде 135 БАҚ өкілі бас бостандығынан айырылған және бұл көрсеткіш жыл санап өзгертілмейді деп айтуға болады. Интернетте жұмыс істейтін журналистерге қысым көрсету мен соққыға жығу жағдайлары жайында да айтылды. РИА«Новости» мәліметі бойынша әлемде 1 жылдың ішінде 2766 сайт(көбісі пікірталас форумдар) жабылды немесе уақытша жұмысын тоқтатты.

понедельник, 10 декабря 2007 г.

Журналистер мен блогерлер:бәсекелестік әлде әріптестік пе?



Блогерлер – бұл жаңа техноэлита.
Анатолий Ализар (аударылған)
Ең танымал журнал мен газеттің журналистері технологиялық фирмалардың баспасөз-конференцияларына келіп, төрдегі орындардың бәріне блогерлер жайғасқанын көріп жатады. Шынымен де, Америкада бұл қалыпты жағдай. Блогерлер ноутбуктарымен келіп, қай оқиға, жиналыс болмасын, дәл сол сәтте, жаңалықтарын интернетте жариялайды. Бұқара халықтың көп бөлігі блогтарды жиі оқиды, себебі бұнда жаңалық реалды уақытта жаңартылып отырады. Ертеңгі газеттің шығуын ешкім күткісі келмейді, себебі кеше болған жаңалық - ертеңгі тарих. Wall Street Journal қағаз басылымдарының технологиясы бағанының редакторы өзінің пікірімен бөлісіп: «Революция тура жоспарлағандай болып шықпайды,- деп жазады Ли Гомес (Lee Gomes). -Дәл қазір бұл технологиялық блогтардан көруге болады. Олар шынымен де блог жақтастары айтқандай, өте маңызды, бірақ маңыздылығы басқада». Бұрын дәстүрлі БАҚтың барлық жаңалықты жедел түрде жеткізу мүмкіндігі болмайтын және олардың орнына арнайы блог армиясы келіп, бүкіл технологиялық жаңалықтар жайында хабардар ете бастады, деп болжамдайтын. Қазір блог саны аспандағы жұлдыздармен тең болса да, шынымен бұқараға ықпал жасай алатын блогтар аз, олардың өзі сарапталудан өткен техноэлита. Яғни, Гоместің ойынша, біз блогерлердің пролетарлық ақпараттық эволюциясын емес, элита орнын басқан қарапайым құбылысты көре алдық. Ақпараттық билік біреудің иелігінен екіншісіне көшті - дәстүрлі медиа қолынан блогерлер қолына. Бір қарағаннан бұл даулы тезис, бірақ тәжірибе жүзінде жүздеген ең үздік технологиялық блогтарды сараптайтын арнайы бағдарлама ең қызықты тақырыптарды сағат сайын қадағалайды және бұл тақырыпқа байланысты кім және не деп айтқанын көрсете алады. Бұл бағдарлама бүкіл блогосфера үшін кристалдандырудың соңғы нүктесі. Егер де бір беттің күнделікті жаңартылуын қадағалайтын болсақ, онда күн сайын бірдей блогтардан цитата келтіретінің байқауға болады және ондағы есімдер де, блогтар да - бір, олардың ақпараты толқын сияқты блогосфераға таралады. Бір блогқа күніне неше адам кіргенін ең ірі газеттің таралымымен салыстырмасақ та (ең көп аудитория 10-12 мың адам), олардың техноэлитаға (менеджерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар және шешім қабылдайтындарға) деген ықпалы зор. Мысалы, TechCrunch деген кішігірім блог бар, ол стартаптар, Web 2.0 өкілдерінің жаңа толқыны туралы ақпарат береді. TechCrunch блогының жүргізушісі-Майкл Аррингтон қаржыландыруды іздейтін венчурлық инвесторлар және кәсіпкерлер арасында көп танымал. Кәсіпкерлердің Аррингтонмен кездесудің мақсаты бір - автор өз блогында олардың есімдерін атау үшін. Олар Аррингтонға, өзінің жүйесі бар демо түріндегі CD ұсына алмай, қиналуда. Арингтонның блогын венчурлық инвестор немесе Google, не Yahoo басқарушыларының бірі оқып(олар TechCrunchты міндетті түрде оқиды), жаңа есімдерді байқауы мүмкін, әрине, бұл маңызды келісім-шарттың баспалдағы да болуы мүмкін.
Техноэлитаның назары дәстүрлі БАҚтан блогтарға ауысты. Бірақ бұрынғы медиалық әлеміндегідей ықпал жасайтын газеттерге ұқсас, бұнда да Аррингтон сияқты пәрмені бар блогтар көш басында. Бір жағынан блогосферада әділетті түрде сараптау жасалады, яғни ең талантты блогерлер ғана алдыға шыға алады. Сондықтан да Аррингтонның орнында одан талантты, тәжірибесі мол, дәлірек болжам жасай алатын басқа біреу болуы мүмкін...
http://www.isramir.com/content/view/2934/189/1/0/

воскресенье, 9 декабря 2007 г.

Блогерлердің сөзбостандығына жасайтын ықпалы


Авторы Жюльен Пэйн. (аударылған)
Блогтар адамдарды таң қалдырады немесе толғаңдырады. Біреулері оларға сенбейді, біреулері онда ақпараттың жаңа форма авангардын байқайды. Бір нәрсе белгілі:олар АҚШтан бастап Қытай мен Иранға дейінгі түрлі мемлекеттердің медиаларына түрткі жасайды. Блогтарға әзір баға беру ерте. Біз 10 жылдықтар бойы газет оқып, телевидение мен радионы тыңдаймыз және жаңалықты комментарийден, таблоидты салмақты журналдан, көңіл көтеруге арналған бағдарламаны деректі фильмнен тез айыруға үйрендік. Бірақ, блогқа қатысты әлі де болса тұрақты бағытымыз жоқ. Бұл «онлайндық күнделіктер» өз арасында дәстүрлі медиадан гөрі қиын бөлшектенеді. Жаңалықтар сайтын жеке форумнан, ғылыми зерттеулер сайтын қажет емес фактілердің қосындысынан туратын сайттан айыру қиын.Аудиторияны өз ақпаратына сендіру үшін кейбір блогерлер өзіндік этикалық нормаларды жасайды. Соған қарамастан интернетте сенімсіз ақпарат өте көп және пайдаланушылар әлі де болса өзара дөрекі әңгімелесуді қойған емес. Блог мамандығы, техникалық біліміне қарамай, барлық адамдар үшін материалды жария ету мүмкіндігіне ие. Бұдан шығатын қорытынды-нашар және қызықсыз блог саны қызықты және сапалы блогтар санымен теңбе тең. Блог-сөзбостандығын жүзеге асыратын бірден бір құрал. Бұрын ақпараттың белсенді емес тұтынушысы жаңа журналистиканың қолданушысына айналды. Бұл жайында американдық блогшылардың бастаушысы Дэн Гиллмор:«адамдарға адамдар үшін жасалатын... халықтық журналистика» деп айтады. Дәстүрлі медиа қатты цензураға алынған мемлекеттерде блогерлер жалғыз нағыз журналистер, өйткені олар тәуелсіз жаңалықтарды жариялап, билікке қарсы пікірлерін айта алады. Көп блогерлер сол себептен басбостандығынан да айырылған. Жеке бет авторларының ішінде блог жүргізуді өз міндеті, қажет ісі немесе ермегі деп санайтындар бар. Олар өзін 1000даған пайдаланушының көзі мен құлағымын деп есептейді...
Image: Reporters Without Borders/www.rsf.org

четверг, 29 ноября 2007 г.

Азаматтық журналистика және блоггинг




«Біздің аудитория біз жазған феномендер мен құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі. Оқырман біз білмеген фактілермен бөлісе алады. Керек ақпаратты қоса алады. Олар бізге қосымша сұрақ қоя алады. Сонымен қатар, бізді сынай алады.» Dan Gillmor
«Журналисттік кәсіби білімі жоқ адамдар құру, жақсарту, бақылау үшін жаңа технологияларды пайдаланады»
Mark Glasse
«Азаматтық журналистер-бұл біз бұрын аудитория деп атаған адамдар»
Jay Rose

пятница, 16 ноября 2007 г.

Жастар басылымы жайында...

Мен 2ші курста оқып жүргенде осы мақаланы қалалық газетке жібергем. Контекстті өзгертпей, Қарағанды жастары ғана емес, бүкіл қазақ жастарына үндеу ретінде осы мақаламды блогқа жариялаймын.

Жастар басылымы қайда екен?

Қал нешік, Сарыарқа жастары? Сендердің халдерінді сұрайтын қазақша басылымның жоқтығы кімнің кінәсі? Сонау 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін дүниеге келген «Қарағанды жастары», кейін «Замандас» деген атпен шығып тұрған жастар газеті Кеңес одағы құлап, қаржы тапшылығына ұшырап жабылып қалған. Осы басылымның редакторы, танымал журналист Төлеубай Ермекбаев электронды Арқа-ақпарат газетінде шыққан сұхбатында (03.12.2003): «...Қаржылық қолдаудан айнып кетпейтін құрылтайшы болса, жастар газетін шығарып тұруға болады ғой. Тек соны «Қарағанды жастарын» іздегендей тұрақты түрде іздеп жүріп оқитын жастар бола қояр ма екен?...» Шынымен де, сапалы газет шығару үшін қаржы керек, бірақ қазақ басылымдарының тарихына үңілсек, 1916 жылы жарық көрген демократиялық-ағартушылық бағыттағы, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған алғаш қазақ басылымдардың бірі «Алаш» газеті қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай 50 шақты санын шығарып үлгерді. Сол кездегі «Айқап», «Садақ», «Жас қазақ» басылымдары қатаң цензураға қарамастан халқымыздың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерін қамтып отырды. Осыны ескере отырып, құрылтайшы жоқтығынан газет шығара алмадық деген жауаптар өз күшін жояды. Мүмкін біреулер, газетке жарайтын материал жазатын жастар саусақпен санарлық деп айтар, бірақ қаламыздағы поэзия, прозаға қалам тербейтін студенттер мен мектеп оқушылар аз емес және де тағы айта кететін бір жайт - Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасы кәсіби мамандарды дайындап жатқанда, бұл пікір шындыққа жанаспайды. Қарағанды облысы бойынша жастарға арналған қазақша басылымның ролі өте зор. Бұндай газет елшіл, отаншыл азамат қалыптастыруда, ұлт пен тіл, дін мен діл, рух пен намыс сияқты тақырыптарды көтеріп, шығармашылықты дамыту мақсатымен мүшайра, үздік шығарма сайыстарын өткізу, жастар проблемаларын (оның ішінде тұрмыс үй, жұмыспен қамтамасыз ету, психологиялық көмек, т.б.) шешуді міндетке алатын болса,
азаматтық журналистика функциясын атқаратын нағыз басылым болар еді.

четверг, 1 ноября 2007 г.

Қазақ интернетінің тарихы

Қазақстанда интернет 14 жыл бұрын пайда болды. Әлем торы ұлттық шекараны ғана ашқан жоқ, сонымен қатар ақпарат ғасырында қоғам өмірі жайлы түсінікті өзгертті десек те қателеспейміз. 1991 жылы алматылық «Парасат» фирмасының базасында Relcom торында аймақтық байланыс орнатылып, бастапқыда тек электрондық пошта қызметін атқарды. Relcom бұл алғашқы кеңестік компьютерлік тор. 1990 жылы телефон байланысымен Финляндия арқылы халықаралық ақпараттық кеңестік компьютерлік кеңістікке шықты. Казнет зерттеушілерінің айтуына қарағанда Қазақстаннан алғашқы хаттардың бірі 1991 жылы 10 сәуір күні Казстройсистема атты Мәскеу тауарлық биржаға жіберілген еді. Кейін "Парасат" пайдаланушылар iшiнен қазақстандық биржаларды, бірнеше БАҚты, ҚазМУ, Стратегиялық зерттеулер институтын және тағы басқа мекемелерді айтып кетуге болады. 1993 жылы Қазнет RELCOM (Санкт-Петербург) компаниясының байланысы арқылы Интернетты тұрақты түрде орнатылды. E-mail, WWW, FTP, USENET, IRC сервистері толық көлемде пайдаланушылар үшін жұмыс атқара бастады. Ал қазақ торының туған күні 1994 жылы 19 қыркүйекте Халықаралық тордың ресми түрде ұлттық KZ доменінің тіркелу күні болып саналады.

Интернет журналистика


Газет, журнал, радио, телевидение тарихын өшіру мүмкін емес. Бірақ интернет торының даму қарқыны соншалық, бүгінде дәстүрлі БАҚтар аудиториясының көбісі электронды БАҚтарға көшуде. Неліктен? Интернет БАҚ басқа БАҚтардан айырмашылығы жоқ. Ол да оқырманға қажет функцияларды атқарады, ол да заңға бағынады, ал кемшіліктерден гөрі, жетістіктер мен жағымды жақтары басым. to be cont.