Показаны сообщения с ярлыком қазақ басылымдарының тарихы топтамасы. Показать все сообщения
Показаны сообщения с ярлыком қазақ басылымдарының тарихы топтамасы. Показать все сообщения

среда, 9 января 2008 г.

«Серке»



Петербургте шығатын қазақ оқырмандарына арналған «Улфат» газетінің қосымшасы ретінде Шәймерден Қошығұловтың редакторлығымен 1907 ж. жарық көрген «Серке» газеті 3-4 нөмері басылғаннан соң тоқтап қалған. Газет жайында Ш.Қошығұловтың айтуымен жазылған Орталық Ғылыми кітапханадағы қолжазбада газет атауына байланысты мынадай дерек бар: «...боранда қойды жайылымға бастаушы серке мағынасында алынған». Ал «Нәжет»(«Азаттық»)деген жинақта «Улфат» газеті редакторының бірі жазған хабарда: «1906 ж. «Улфат» қазақ оқушыларына арнап, қазақ тілінде «Серке» атты 2 жетілік газет шығаруға қарар болды. Келесі жылғы март айының басында сол газеттің 67-санына қосымша болып шықты. Газет шыққан соң бірер күннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Улфат» газетінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармада бар даналарын жинап, құлыптап кетті. 2-күні тиісті орындардан сұрағанымызда, олар: «Серке газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берді» делінген «Серке» газетіндегі «Улфат» газетіне қосымша болғандықтан мұны да либералдық буржуазиялық бағыттағы газет деуге болады. «Егемен Қазақстан» газетінің №5 (24977) 9.01.08ж. санында: «Міржақып съездің жұмсауымен 1906 жылы Петербургке барып “Серке” атты қазақша газет шығаруға араласты. Газеттің 1907 жылғы 1-санында “Жастарға” деген өлеңін бастырды. 2-санында “Біздің мақсатымыз” атты мақала дайындады. Онда Қазақстанда 1905 жылы демонстрация кезінде патша өкіметінің атына айтылған талап-сындар жазылғандықтан, газет кәмпескеленіп, таратылмай өртеліп кетті.»

четверг, 6 декабря 2007 г.

«Дала уалаятының газеті» .


1888 – 1902 ж.ж. Омбы қаласында жарық көрді. Басында «Акмолинские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрды. Редакторлары:Козлов, Михайлов, Абаза, Попов, Лавров, Аблайханов, Сұлтанғазин, Дүйсембаев. Газетте ақпараттық материалдарымен( Стамбұлдағы Айя-София мешіті туралы, Баян ауылдан, Ғылым хабарлары) қоса публицистикалық, көркем-әдеби туындылар көп. Аңыз, хикаялар, жұмбақ, мақал, өлең, ертегілер көптеп кездеседі. Мысалы, араб елінің «1001 түннің хикаясы» ертегісі, Жиренше шешен, Үш дос, Рас һәм қисық, Толағай һәм бөрі тастаған таулар турасынан т.б. Дала уалаятының газетінде бүгінгі кітаптарға жазылатын аннотацияға ұқсас материалдар да аз емес. Мысалы, «Бір жаңа кітап турасынан», «Басылып шыққан кітаптар туралы», «Жаңа кітаптар», «Қазақтарға пайдалы кітаптар».

вторник, 4 декабря 2007 г.

«Түркістан уалаятының газеті»


Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы. Ең алғаш «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастаған. Бұл газет Орта Азия халқының тұңғыш баспасөзі болып саналады. Газеттің алғашқы редакторы-ағайынды Ибрагимовтар болды. 1870-1882 ж.ж. арасында шықан газеттің материалдарында жарлықтар, егін егу, мал шаруашылығы, қазақ елінің басқа елдермен қарым-қатынасы, темір жол, алғашқы телеграф, пошта қатынастары, кен қазу, металл, көмір өңдіру, Қытайдағы ұйғыр мен дұнғандар көтерілісі, қазақ елінің тарихы, шығу тегі, саяси-экономикалық, оқу-ағарту мәселелері, алғашқы сын, зерттеу мақалалары жарияланды.

понедельник, 3 декабря 2007 г.

Кіріспе


Бүгінгі таңда қазақ журналистикасы салыстырмалы түрде болса да дамып жатыр деп ойлаймын. Газет басылымдары электронды жүйеге көшіп, оқырмандар мен автор арасында әлемторда байланыс орнатуда. Азаматтық журналистика түсінігі де бізге жат емес. Оқырмандардың(тыңдарман, көрермен) жеке пікірі, позициясы, көзқарасы арқылы автор жариялаған материалдың бағасын, қаншалықты халыққа пайдасы бар екенін анықтай алуы, сонымен қатар талғам, сұраныс жайында хабардар болуы да осымен байланысты. Дегенмен, қазақ журналистикасының тарихын білмей, БАҚтағы жаңа технологияларды меңгеру қателік деп санаймын. Сондықтан да алғашқы басылым «Түркістан уалаятының газетінен» бастасақ...