
Таныстарыма дипломдық жұмысымның тақырыбы блог, блог бастадым деген кезде мынадай сұрақты жиі естимін: «
Веблог немесе блог дегеніміз не?» Жауап беру қиын емес сияқты, бірақ...сонымен
Блог - бір адам жаза алатын онлайндық күнделік ретінде де, жалпы редакторлар командасымен ұйымдастырылатын вебсайт та бола алады. Көп блогтар бір адаммен жазылады және бұндай блогтардың оқырманы-автордың туыстары мен достары болуы мүмкін. Басқалары баспасөз басылымдары сияқты үлкен аудиторияға бағытталып, жаңалық, сараптамалық мақалаларды қамтиды. Кейбір блогтар аз оқылса, кейбіреулердің күніне 100деген, 1000даған кірушісі болады. Блогтар әртүрлі пішін мен көлемде болғанымен, мынадай ұқсастықтарға ие:
-Хронологиялық кері тәртібі, яғни соңғы хабарламалар беттің үстінде орналасады;
-Бұрынғы хабарламалармен танысу үшін архивтердың болуы;
-Комментарий қалдыру үшін оқырмандарға арналаған секция;
-Басқа сайттарға сілтемелер(«blogroll»-сілтеме тізімі);
-Блогқа жазылу үшін ақпараттың синдикациясы;
Блогтардың мазмұны алуан түрлі. Көп блогтар жеке басқа байланысты ақпаратпен қамтылса, енді біреулері жаңалықтарға сараптама жасайды, саяси мәселелерге немесе адамдарды қызықтыратын тақырыптарға арналады. Көп блогтар бұл категорияның біреуіне де жатпайды. Егер блогтарға жалпы мінездеме беретін болсақ, олардың жеке адамның пікірін білдіріп, автордың көңіл-күйіне тікелей байланысты екенін байқаймыз, материалдың тақырыбы мен мазмұнының құбылмалы болуы да осыдан. Веблогтар негізінде жеке вебсайт түрінде болып келеді және жиі жаңартылып, дискуссия мен «әсер ету» мүмкіндіктеріне ие.